Мысалы алтын бойынша қорлардың орнын толтыру коэффициенті - 1,2. Бұл дегеніміз өндірілген 1 тонна алтынның орнына 1,2 тонна қоры толығуда. Ал, мыс, мырыш, қорғасын, алюминий қорлары бойынша тереңдетілген геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу қажет. Мәселен, мыс бойынша қорлардың толық коэффициент - 0,7. Мыстың перспективалы учаскелері белсенді түрде барлануда", - деп мәлімдеді министр.
Соңғы 5 жылда геология саласына $1 млрд жеке инвестициялар тартылды. Сонымен қатар осы жылдың 1 қаңтарында қатты пайдалы қазбалар (ҚПҚ) қорларын CRIRSCO халықаралық жүйесіне сай KAZRC стандарттарына көшіру жүзеге асырылды. Биылғы 11 айда 58 ҚПҚ кен орны KAZRC стандарттарына сәйкес мемлекеттік балансқа қойылды", - деп атап өтті Қ. Шарлапаев.
Жерде сирек кездесетін металдар саласын дамытуға бағытталған жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберінде 12 учаскеде іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні қоры шамамен 800 мың тоннаға бағаланатын Күйректікөл учаскесі перспективалы кен орны ретінде бағаланып отыр, церий мен лантанидтерді қосы алғанда жерде сирек кездесетін металдардың 935,4 мың тонна сомасының болжамды ресурсы бар", - деді спикер.
Министрлік геологиялық барлаудың озық әдістерін белсенді енгізіп жатыр. Солардың бірі - аэрогеофизикалық зерттеулер. Аэрогеофизикалық зерттеу жер қойнауының құрылымы туралы сапалы заманауи ақпарат береді және жер қойнауын барлауға инвестиция тарту үшін қажетті деректер көзі саналады. Пилоттық жоба Қазақстанның перспективалы өңірлерін, соның ішінде Солтүстік Балқаш және Қалба-Нарым аймағын қамтиды", - деп атап өтті Қанат Шарлапаев.
Былтырғы және осы жылы өткізілген аукциондардың қорытындысы бойынша бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасы 9 млрд теңгеден асты. Сондай-ақ интерактивті карта әзірленді, 66 мыңнан астам геологиялық есептер орналастырылды және жер қойнауын пайдаланушылардың есептілігін электрондық түрде беруді қоса алғанда, 6 функция автоматтандырылды", - деді спикер.
Минералды шикізаттың сату құнына негізделген роялтиді енгізу халықаралық тау-кен өнеркәсібі үшін ашық және етене таныс. Жаңа модельге көшу әлеуетті инвесторлар үшін реттеу режимін айқын әрі түсінікті етеді. Жаңа салық салу шеңберінде ел ішінде өңделетін минералды шикізаттан өңделмеген экспортталатын минералды шикізат өнімдеріне қарағанда төмен салық алу ұсынылады. Осыған байланысты, Экономика және қаржы министрліктеріне жаңа Салық кодексінің жобасына 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өндіруге лицензия алған жер қойнауын пайдаланушылар үшін роялти нормаларын енгізу туралы тапсырма беруіңізді сұраймын. Қазақстан үшін геология саласының стратегиялық маңызын ескере отырып, Ғылым және қаржы министрліктеріне Ғылым туралы заңға толықтырулар енгізу арқылы қаржыландырылатын іргелі ғылымдар тізбесіне геологияны енгізу қажет", - деп түйіндеді баяндамасын Қанат Шарлапаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

