23.04.2007, 13:27 3783

Қазақстанға тау шаңғысы туризмін дамыту мақсатында тауларды зерттеу үшін халықаралық сарапшылар шақырылды

АСТАНА. 23- сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанға тау шаңғысы туризмін дамыту мақсатында тауларды зерттеу үшін халықаралық сарапшылар шақырылды. Бұл туралы бүгін парламентте өткен үкімет сағаты барысында Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазіргі уақытта министрлік тарапынан 10 - 15 тау шаңғысы базасын салу үшін тауларды зерттеу мақсатында халықаралық сарапшылар шақырылған",- деп хабарлады Т. Досмұхамбетов.

"Біз Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында тау шаңғысы базасын салуға қатысты инвесторларды жан-жақты ынталандыруымыз қажет",- деп қосты ол.

Министрліктің үкімет сағаты барысында таратқан баспасөз баянына сәйкес, Алматы облысында бес және Шығыс Қазақстан облысында екі тау шаңғысы базасын салу жоспарланған.

"Қазақстан халықаралық ірі тау шаңғысы туризмнің орталықтарының бірі бола алады және болуға тиіс",- деп атап көрсетті Т. Досмұхамбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны