29.05.2013, 18:41 3711

"ҚазТрансОйл" компаниясы акцияларының нарықтық бағасы 16%-ға өсті

Бұл туралы бүгін "ҚазТрансОйл" АҚ-ның бас директоры Қайыргелді Қабылдин мәлім етті.

Астана. 29-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда "ҚазТрансОйл" компаниясы акцияларының нарықтық бағасы орналастырылған бағасына қатысты 725 теңге 16%-ға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін "ҚазТрансОйл" АҚ-ның бас директоры Қайыргелді Қабылдин мәлім етті.

"2012 жылдың қортындысы бойынша дивидендтерді төлеуге жалпы сомасы 28 млрд 847 млн 669,925 мың теңге, бұл 75 теңге немесе орналастырылған акция бағасының 10,3% мөлшерінде табыстылықты қамтамасыз етеді. Бұдан өзге, компания акцияларының нарықтық бағасы орналастырылған бағасына қатысты 725 теңге, бүгін 16%-ға өсті", - деді Қ.Қабылдин.

Сонымен бірге, атап өтілгендей 2012 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ-ның қарапайым акциялары бойынша дивидендтерді алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2013 жылдың 13 маусымында 00 сағат 00 минут уақытындағы жағдай бойынша белгіленетін болады, ал дивидендтерді төлеу 2013 жылдың 04 шілдесінен басталады.

Аталған дивиденттер төлем агенті болатын "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ арқылы ұлттық валютада қолма-қол ақшасыз аударыммен акционерлердің шоттарына төленеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны