18.11.2022, 16:53 8506

Үкімет "Самұрық-Қазына" қорының басым жобаларының екінші пакетін мақұлдады

Үкімет "Самұрық-Қазына" қорының басым жобаларының екінші пакетін мақұлдады
Сурет: sk.kz
Астана. 18 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - "Самұрық-Қазына" АҚ-да Қор компаниялары тобының басым жобаларының екінші топтамасы жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметі.
 
Қорда хабарлағандай, басым жобалардың екінші топтамасына жалпы сомасы 16 трлн теңгеден асатын елдік ауқымдағы 19 жоба кірді.
 
Бұл мұнай-газ саласындағы жобалар - полиэтилен, бутадиен және оның туындыларын өндіру, "Бейнеу-Бозой-Шымкент" МГҚ екінші желісін салу (1-кезең), шикі газды кәдеге жарату бойынша Қашаған жобасын дамыту (2-кезең).
 

Энергетика саласындағы жобаларға №3 және №4 станциялардың энергия блогын орната отырып, Екібастұз МАЭС-2 кеңейту және реконструкциялау, таза көмір технологиясы негізінде №1 және №2 станциялардың энергия блоктарын орната отырып, Екібастұз МАЭС-3 салу, 858 МВт БГҚ салу, қуаты 2800 МВт дейінгі АЭС салу және Қазақстанның жаңа бірыңғай энергетикалық жүйесі құрылысының кешенді жобасы кіреді", - деп атап өтті қорда.

 
Халықаралық инвесторлар қатысатын энергетикалық жобалар бар - бұл "ACWA Power" компаниясымен бірлесіп, қуаты 1 ГВт ЖЭС және "Total Open" компаниясымен энергияны жинақтау жүйесі бар ЖЭС салу.
 
Сондай-ақ қуаттылығы жылына 800 мың тоннаны құрайтын күкірт қышқылы зауытын салу жобасы қаралды.
 
Теміржол саласын дамыту Алматы станциясының теміржол торабын айналып өтетін айналма теміржол желісін, "Дарбаза - Мақтаарал" теміржол желісін және қолданыстағы Семей-Ақтоғай теміржол учаскесіне шығатын Қазақстан-Қытай шекарасындағы үшінші шекаралық теміржол өткелін салу есебінен жоспарланып отыр.
 
Телекоммуникация саласында ҚР-да 5G желісін салу және магистральдың транскаспий және трансшекаралық ТОБЖ салу жобаларын іске асыру жоспарлануда.
 
Анықтама үшін: Басым жобалардың бірінші топтамасы шамамен 3 трлн теңгені құрайтын 13 жобадан тұрады. Жобалар Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына енгізілген. Бұл Қазақстанның батыс облыстарын сумен қамтамасыз ету жобалары, газбен жабдықтау, электр энергетикасы және теміржол көлігін дамыту саласындағы жобалар.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны