17.05.2007, 17:27 2985

ҚР ЭМРМ Қазақстан 2009-жылы қуат тапшылығы тауқыметіне ұшырамайды деген пікірде

АСТАНА. 17-мамыр. Kazakhstan Today. ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Қазақстан 2009-жылы қуат тапшылығы тауқыметіне ұшырамайды деген пікірде. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде бүгін өткен алқа мәжілісінде осы мекеменің электр қуаты және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры Несіпқұл Бертісбаев пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біздің есебімізге сәйкес 85,7 млрд кВт көлеміндегі 2009-жылғы тұтыным мөлшерінің болжамы толық қамтамасыз етіледі",- деді Н.Бертісбаев.

Оның пікірінше, ел ішіндегі электр қуатына деген сұраныс "Екібастұз дағы 1-ші, Ақсудағы МАЭС жабдықты жаңалау, Екібастұз дағы 1-ші МАЭС-дағы жұмыс істемейтін блоктарды іске қосу, Жамбыл МАЭС бүтін жыл бойы жұмыс істеу тәртібіне көшіру, сондай-ақ, Қарағандыдағы 1-ші МАЭС-да, Батыс Қазақстанда газқұбырлы электр станциясында жаңа өндірісті іске қосу, Рудный, Ақмола , Өскемен ЖЭО секілді станцияларда қосымша құбырларды іске қосу есебінен" қамтамасыз етіледі.

"Бұл жобалардың бәрі де электр қуатын өндіру мен тұтынудың болжамдық тепе-теңдігінің негізінде әзірленген 2015-жылға дейін электр қуатын дамыту жөніндегі бағдарлама шараларының жоспарына енгізілген",- деді Н.Бертісбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны