08.04.2008, 16:31 119766

ҚР Индустрия және сауда министрлігі 2012 жылға дейін аймақтық сауда базарларының дамуы мен жаңартылуының жоспарын дайындауды талап етуде

ҚР Индустрия және сауда министрлігі 2012 жылға дейін аймақтық сауда базарларының дамуы мен жаңартылуының жоспарын дайындауды талап етуде

Астана. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі 2012 жылға дейін аймақтық сауда базарларының дамуы мен жаңартылуының жоспарын дайындауды талап етуде. Бұл туралы бүгін өткен үкімет отырысында ҚР Индустрия және сауда министрі Владимир Школьник құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстанда сауда орындарының тапшылығы қатты сезіледі, сондықтан бәсекелестік болмаған жерлерде базар иелері жалға берілетін орындардың құнын өсіруде. Ал ол тауар бағасының шарықтауына соқтырады ", - деді В. Школьник

"Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша сауда орындарымен қамтамасыз ету бойынша 1000 тұрғынға шаққанда сауда орындарының 111,7 шаршы метрі келеді ", -деп толықтырды ол.

"Ирине, біз ТМД және дамыған елдерінде қолданылып отырған талаптар бойынша артта қалып отырмыз. Сондықтан мемлекетіміздегі қалалық жерлерінде мұндай талаптарды енгізу қажеттігі туындап отыр ", -дейді ИСМ басшысы.

"Исіресе қалаларда сауда орындары мен базарлардың тапшылығы жағдайында әкімдіктер 2012 жылға дейін аймақтық сауда базарларының дамуы мен жаңартылуының жоспарын дайындауы тиіс. Онда сауда алаңдарының жаңартылуы жөнінді механизмдері енгізіліп, олардың орналасуы жөнінде талаптар мен ұсыныстар ескерілуі керек ", - деп қорытындылады В.Школьник.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны