16.03.2023, 13:24 34531

Ұлттық банк басшысы сайлаудан кейінгі теңге девальвациясына қатысты қауесетке қатысты пікір білдірді

Ұлттық банк басшысы сайлаудан кейінгі теңге девальвациясына қатысты қауесетке қатысты пікір білдірді
Астана. 16 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Сенат кулуарында теңге бағамы сайлау қарсаңында қолдан реттеліп отырғаны туралы мәліметке пікір білдірді.

Біз валюта нарығындағы әрекеттеріміздің бәрін ашық жүргізіп келеміз. Алтын-валюта резервін интервенциялауды ғана емес, Ұлттық қордан валюта сату әрекеттерін де, Бірыңғай зейнетақы қоры бойынша да ашық мәлімет беріп отырмыз. Осы ашықтықты әрі қарай да жалғастырамыз. Сондықтан Ұлттық банк сайлаудың алдында теңге бағамына қандай да бір жолмен әсер етіп жатқаны туралы қауесеттер шындыққа жанаспайды", - деді Ұлттық банк басшысы.


Бұған дейін ҚР Ұлттық банкі валюта нарығындағы жағдайға қатысты түсініктеме берген болатын.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны