03.04.2025, 16:32 73666

"Майкаинзолото" АҚ Алтыналмас" меншігіне өтті

Алтыналмас АК" АҚ "Rense Enterprises Limited"-ке тиесілі болған "Майкаинзолото" АҚ-ның жарғылық капиталындағы 100% үлесін сатып алу мәмілесін сәтті аяқтады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.


2024 жылдың сәуір айында "Майкаинзолото" АҚ акционерлері мен "Алтыналмас АК" АҚ арасында келісім орнағаннан кейін кәсіпорынға "Алтыналмас" Тобының жоғары білікті мамандары тартылды. Олардың басты міндеті - апат салдарын жою, өндірістік қуаттылықтарды қалпына келтіру, инфрақұрылымды жаңғырту және барлық процестерді жоғары қауіпсіздік стандарттарына сәйкестендіру болды.

2024 жылдың тамыз айында кәсіпорында құрылыс-жөндеу жұмыстары басталды, ал қазан айында "Майкаинзолото" АҚ кенорны қызметін қайта жандандырып, қараша айына қарай жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізді. Бұған қоса, бетон толтырмалау кешені іске қосылып, қызметкерлердің әкімшілік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Келешекте өндірісті одан әрі жаңғырту және еңбек тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған инновациялық технологияларды енгізу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта кәсіпорында өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру, өндірістік әлеуетті дамыту, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту және әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде компания қызметкерлерінің 95%-ы аймақтың жергілікті тұрғындары болып табылады.

Майкаинзолото" компаниясын сатып алу - "Алтыналмас" Тобының Қазақстанның алтын өндіру саласындағы позицияларын нығайтуға бағытталған стратегиялық маңызды қадамы.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны