05.01.2023, 17:48 24231

McDonald's бренді Қазақстандағы жұмысын ресми түрде тоқтатады

McDonald's бренді Қазақстандағы жұмысын ресми түрде тоқтатады
Сурет: mcdonalds.kz
Жеткізу шектеулеріне байланысты брендтің жұмысы тоқтатылады
 
Астана. 5 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - "Food Solutions KZ" ЖШС басқаратын жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар McDonald’s брендімен жұмыс істеуін тоқтатады.
 
McDonald's сайтында хабарланғандай, жеткізілім шектеулеріне байланысты брендтің жұмысы тоқтатылады.
 

Компания жұмысының қайта жандануы және жылдам қызмет көрсететін мейрамханалардың жаңа атаумен ашылу мерзімі туралы жақын уақытта жарияланатын болады. Біз осы ауысым жүзеге асқаннан кейін, компанияның өз жұмысын жалғастыруына байланысты барлық сұрақтарға жауап береміз. Мейрамханалар желісі ашылғаннан кейін келушілерге жоғары сапалы өнімдер, түрлі мәзір мен қонақжай қызмет ұсынылады. Жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар қолданыстағы жоғары стандарттарға, құндылықтарға және бизнес принциптеріне сәйкес жұмысын жалғастырады", - делінген ақпаратта.

 
Қазақстанда McDonald’s брендімен алғашқы мейрамхана 2016 жылы ашылды. Осы уақыт ішінде "Food Solutions KZ" ЖШС басқаруымен компания жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар индустриясының көшбасшыларының бірі атанды.
 
McDonald’s-тің 24 мейрамханасы Қазақстанның келесі қалаларында ашылды: Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және 2000-ға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.
 
Өз қызметі кезеңінде "Food Solutions KZ" ЖШС ел бюджетіне 3 млрд теңгеден астам салық төледі және қайырымдылыққа 80 млн теңгеден астам қаражат аударып, қоғамға көмектесуге белсенді қатысты.
 
Бұған дейін корпорация ет жеткізудегі қиындықтарға байланысты Қазақстаннан кетуге ниетті екенін мәлімдеген.
 
 "Food Solutions KZ" ЖШС-ге тиесілі 24 McDonald's мейрамханасы қарашаайында жеткізілім мәселелеріне байланысты жұмысын тоқтатты. Хабарланғандай, корпорация өзінің жергілікті франчайзиіне ресейлік жеткізушілерден ет котлеттерін сатып алуға тыйым салған. Сондай-ақ, франчайзи ет котлеттерін жергілікті немесе еуропалық жеткізушілерден сатып ала алмады, өйткені жоғары бағалар мен тасымалдау шығындары бизнесті шығынға ұшыратады. McDonald's бұл жағдайға түсініктеме берген жоқ.
 
Франчайзидің иесі Қайрат Боранбаев болып табылады, ол наурызайында ұрлық жасады деген күдікпен ұсталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны