14.02.2014, 19:32 9930

Н.Назарбаев жеке секторға берілетін кәсіпкерліктер тізімін шығаруды тапсырды

"Мемлекеттік қатысуы мүмкін жеке компаниялар капиталының процедурасы шартын қайта қарау керек. Жалпы, 2020 жылға дейін мемлекеттік меншік үлесі ЕЭК-тегі деңгейге жеткізіліп, ЖІӨ-нің 15 пайызын құрауы керек", - дейді Елбасы.

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan today. Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жеке секторға берілетін кәсіпкерліктер тізімін шығаруды тапсырды.

"2012 жылы "Халықтық IPO" бағдарламасы қолға алынды. Біз тағы 5 компанияны сатылымға шығаруды жоспарладық. Не себепті бағдарлама тоқтап қалды? Үкіметке ұсынысты дайындап, ұсыну үшін бір ай мұрсат беремін", - деді Мемлекет басшысы.

Н.Назарбаевтың айтуынша, "мемлекеттің қатысуымен барлық компаниялардың сараптамасы жүргізілуі және жеке секторға берілетін кәсіпкерліктердің тізімін шығару керек. 1 мамырға дейін заң жобасы дайындалуы керек".

"Мемлекеттік қатысуы мүмкін жеке компаниялар капиталының процедурасы шартын қайта қарау керек. Жалпы, 2020 жылға дейін мемлекеттік меншік үлесі ЕЭК-тегі деңгейге жеткізіліп, ЖІӨ-нің 15 пайызын құрауы керек", - дейді Елбасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны