15.08.2024, 15:08 59511

Өнеркәсіп өндірісінің өсімі 2,9% құрады

Өнеркәсіп өндірісінің өсімі 2,9% құрады, деп хабарлайды Qazstat.

Өнеркәсіп өндірісінің индексі 2024 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанда 102,9% құрады. Осы кезеңде барлығы 27 694 млрд теңгеге өнім өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында - 12 732 млрд теңгеге (жалпы көлемнен 46%), өңдеуде - 12 938,5 млрд теңгеге (46,7%).

Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда - 0,5%, өңдеу өнеркәсібінде - 5,1%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 6% байқалды.

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 15 өңірінде тіркелді, төмендеу - Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қостанай облыстарында және Алматы қаласында.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны