07.08.2024, 12:33 45836

Осы жылдың 7 айында теміржол көлігімен 144 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

Осы жылдың 7 айында теміржол көлігімен 144 млн тоннадан астам жүк тасымалданды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.

2024 жылғы қаңтар - шілдеде "ҚТЖ" ҰК" АҚ желісі бойынша жалпы тиеу 144 млн тоннадан астамды құрады. Ел ішінде жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау 2%, яғни 95,6 млн тоннаға дейін өсті. Экспортқа шамамен 49 млн тонна жөнелтілді. 55 млн тоннадан астам тас көмір, 5 млн тоннадан астам астық тиелді.

 Жеті айда мұнай жүктерін тасымалдау 2,5%, яғни 10,9 млн тоннаға дейін, қара металдар 7,5%, яғни 2,6 млн тоннаға дейін, темір және марганец кендері 7,4%, яғни 12,4 млн тоннаға дейін, түсті кен және күкірт шикізаты 12%, яғни 14,3 млн тоннаға дейін өсті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны