30.11.2007, 18:36 6352

Пайдалы қазбаларға енгізілген салық экономиканың нақты секторына түсетін салық жүктемесін азайтады - ҚР Қаржы министрлігі

Пайдалы қазбаларға енгізілген салық экономиканың нақты секторына түсетін салық жүктемесін азайтады - ҚР Қаржы министрлігі

Астана. 30-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Пайдалы қазбаларға енгізілген салық экономиканың нақты секторына түсетін салық жүктемесін азайтады. Бұл туралы бүгін "Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың құқықтық аспектілері" тақырыбындағы "дөңгелек үстел" қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның қаржы вице-министрі Дәулет Ерғожин мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Егер пайдалы қазба өндіруге салық салу ұсынысы қабылданатын болса, мемлекет пен бюджетте экономиканың нақты секторына салынатын салықтарды азайту мүмкіндігі туындайды",- деді Дәулет Ерғожин.

"Бұл жерде тепе-теңдік болады, яғни біз бір бөлімнен түсетін салықты көбейтіп, екіншісін азайта аламыз, және бұл жағдайда бүгінгі күнде мүмкін болмай отырған, мемлекеттің фискалдық-экономикалық саясатын нақты басқаруы туралы айтуға болады",- деп атап көрсетті ол.

"Сондықтан да, біздің пайымдауымызша, салықтың осы түрі бойынша кірістің өсуі экономиканы әртараптандыруға оң әсер ететін болады",- деп қосты қаржы министрілігінің өкілі.

Сонымен қатар Д. Ерғожин, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты Өзара өнім бөлісу туралы келісім аясында жұмыс істейтін жер қойнауын пайдаланушылар үшін де енгізу қажет, деп атап көрсетті. "Өзара өнім бөлісу туралы келісім нормаларына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылар енгізіліп отырған жаңа салық түрі олардың экономикалық мүдделерін бұзып отырғандығын Қазақстанға дәлелдеулері қажет",- деді ол журналистердің Өзара өнім бөлісу туралы келісім аясында жұмыс істеп жатқан инвесторлардың наразылығын тудыруы мүмкін бе деген сұрақтарына жауап бере отырып.

"Егер олар осыны дәлелдей алса, онда мәселе басқаша қаралатын болады. Бірақ, менің пайымдауымша, олар мұны дәлелдей алмайды, себебі егер олардың Өзара өнім бөлісу туралы келісімге қол қойған кездегі базалық жағдайын бүгінгі жағдайымен салыстырып қарайтын болсақ, онда жер қойнауын пайдаланушылардың пайданы шаш етектен тауып отырғандығын, ал республикамыз өз кірісін көтермегендігінен байқауға болады",- деп санайды қаржы вице-министрі.

"Сондықтан да, керісінше, бұл жерде пайданың бір бөлігін ала алмай оырғаны туралы Қазақстан мәселе көтеруге тиіс",- деген сенімде Д. Ерғожин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны