26.01.2022, 17:08 23411

Питер Гриффитс ҚР Авиациялық әкімшілігінің басшысы қызметінен кетеді

Питер Гриффитс "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ құрылғаннан бері 2 жылдан астам жұмыс істеді және авиациялық реттеушінің дамуына үлкен үлес қосты.
Питер Гриффитс ҚР Авиациялық әкімшілігінің басшысы қызметінен кетеді
Сурет: caakz.com
НҰР-СҰЛТАН. 26 ҚАҢТАР - 2022 жылғы 7 ақпаннан бастап Питер Гриффитстің "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Бас директоры қызметіндегі өкілеттігі өз еркімен тоқтатылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Питер Гриффитс "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ құрылғаннан бері 2 жылдан астам жұмыс істеді және авиациялық реттеушінің дамуына үлкен үлес қосты", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінде.

 
2022 жылғы 7 ақпаннан бастап Линда Орлэди "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Бас директоры міндетін уақытша атқаратын болады, ол 2019 жылғы желтоқсаннан бастап Бас директордың бірінші орынбасары, ұшу қауіпсіздігінің бастығы қызметін атқарып келді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны