28.02.2022, 17:30 19926

ҚРҰБ валюталық интервенциялары 98,1 млн долларды құрады

Жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың күшеюі аясында және ішкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақсыздануына жол бермеу мақсатында 28 ақпанда KASE биржа алаңындағы сауда-саттық Франкфурт аукционы нысанында өтті.
ҚРҰБ валюталық интервенциялары 98,1 млн долларды құрады
НҰР-СҰЛТАН. 28 АҚПАН - Жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың күшеюі аясында және ішкі валюта нарығындағы ахуалдың тұрақсыздануына жол бермеу мақсатында 28 ақпанда KASE биржа алаңындағы сауда-саттық Франкфурт аукционы нысанында өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Франкфурт аукционы тетігі аукционның түпкілікті бағасын айқындауға мүмкіндік береді, ол бойынша мәмілелердің барынша жоғары ықтимал көлемі жасалады және негізсіз құбылмалылықтың алдын алуға бағытталады", - деп қаржы реттеушісінің баспасөз қызметінен хабарлады.


Аукцион қорытындысы бойынша теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 495,00 теңге деңгейінде қалыптасты. Сауда-саттық көлемі 159,5 млн АҚШ долларын құрады. ҚРҰБ валюталық интервенциялары 98,1 млн АҚШ доллары, ҚРҰБ қатысу үлесі 61,5% болды.

Ұлттық банк пен KASE теңге - доллар валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгертті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны