22.07.2022, 16:38 13331

ҚР ҰЭМ Вашингтондағы Халықаралық валюта қорында жұмыс кездесулерін өткізді

ҰЭМ басшысы Қазақстандағы ағымдағы макроэкономикалық жағдай және ҚР Үкіметі жүргізіп жатқан экономикалық реформалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
ВАШИНГТОН. 22 ШІЛДЕ - Вашингтонға жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ХВҚ басқарушы директорының орынбасары Бо Ли және Халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс және Орталық Азия бөлімінің басшысы Николя Бланшемен кездесті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

ҰЭМ басшысы Қазақстандағы ағымдағы макроэкономикалық жағдай және ҚР Үкіметі жүргізіп жатқан экономикалық реформалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді", - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Бо Ли мырза әлемдік экономиканың алдында тұрған қазіргі сын-қатерлер, соның ішінде инфляцияның ушығуы және азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қауіп туралы өз пікірімен бөлісті. Осыған байланысты ол Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау үшін фискалдық резервтердің маңыздылығын атап өтті.
 
Өз кезегінде, Николя Бланше ХВҚ-ның қыркүйекте болатын ҚР-дағы миссиясы туралы және оның барысында инфляцияға қарсы тиімді іс-қимыл бойынша ұсынымдар әзірленетіні туралы хабардар етті.
 
Кездесу қорытындысында тараптар барлық маңызды мәселелер бойынша белсенді өзара іс-қимылды қолдауға, сондай-ақ макроэкономикалық модельдеу, көміртекті бейтараптыққа көшу және "жасыл" қаржы сияқты салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге келісті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны