11.04.2024, 11:59 76731
ҚР Энергетика министрлігі шетелдік азаматтар үшін бензин мен дизель отынының бағасын өзгертеді
Достарға айту
ҚР Энергетика министрлігі шетелдік азаматтар үшін бензин мен дизель отынының бағасы өзгерген бұйрықтың жобасын жариялады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Ішкі нарықта отын балансын сақтау, сондай-ақ мұнай өнімдерінің ағындары мен "сұр" экспортының тәуекелдерін азайту мақсатында ҚР Энергетика министрлігі автокөліктің тұтыну көлемі мен шығу тегіне байланысты Аи-92, Аи-93 бензині мен дизель отынына нақтыланған бағалары бар бұйрық жобасын дайындады.
Қазіргі уақытта бағаны мемлекеттік реттеуге байланысты Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында жанар-жағармай құны ең төмен ел болып табылады, бұл мұнай өнімдерінің басқа елдерге ағындары мен "сұр" экспортының жоғары тәуекелдеріне әкеледі.
Бұйрық жобасымен АИ-92 және Аи-93 маркалы бензиннің бағасы литріне 245 теңге деңгейінде белгіленеді деп болжанады.
Құжатта дизель отынының бағасы литріне 315 теңгені құрайды деп болжанады.
❗️Жүргізуші куәлігі мен көлік құралын Қазақстан Республикасында тіркеу туралы куәлігі бар азаматтар үшін ЖЖМ бағасы өзгеріссіз қалады.
Бұйрықтың жобасы барлық мүдделі тараптардың талқылауы мен ұсыныстары үшін "Ашық НҚА" сайтында жарияланды.
ҚР Энергетика министрлігі қазіргі уақытта ЖЖМ қорларын өндіру, тиеу және толықтыру үздіксіз жүргізіліп жатқанын, ішкі нарықта мұнай өнімдерінің едәуір қоры бар екенін, ЖЖМ-мен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты екенін хабарлайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.05.2024, 14:02 376
Қазақстан тасымалдаушылары жүкті Қытай порттарына дейін жеткізе алады
Достарға айту
Қазақстан тасымалдаушылары жүкті Қытай порттарына дейін жеткізе алады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мәжіліс Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялады. Келісім 2023 жылы 17 мамырда Сиань қаласында жасалған.
Құжат аясында екі ел арасында автомобиль көлігімен жасалатын жүк тасымалдау көлемін ұлғайтады. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы жүктерді тасымалдау мен олардың аумақтары арқылы үшінші елдерге транзитті реттеуге жол ашады.
Келісім Қазақстан көліктеріне Қытай аумағына, оның ішінде елдің оңтүстік-шығысындағы теңіз порттарына дейін баруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде екі елдің шекаралас аймақтарында тауарларды қайта тиеу шығындары мен уақытын қысқартып, импорттық тауарлардың құнына және қазақстандық экспорттаушылардың шығындарына оң әсерін тигізеді. Мұндай шарттар Қазақстандағы қытайлық тасымалдаушыларға да қатысты болады.
Келісім аясында автокөлікпен тасымалдауға электронды рұқсат бланкілерін беру де жоспарланған. Қазір Қытай тарапымен шамамен 120 мың бірлік рұқсат қағазы айырбасталып жатыр. Қағаздан электронды форматқа көшіру қағаз бланкілерін өндіруге қосымша қаржылық шығын мен оларды тарату және бақылау процесіндегі адам күші факторын жояды.
Айта кетерлігі, 2023 жылы бұл бағыттағы қазақстандық тауарлар экспортының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 661 пайызға - 44,4 мың тоннадан 338 мың тоннаға дейін өсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2024, 13:17 1221
Қазақстан түркі мемлекеттерімен арадағы жүк тасымалын артуды көздеп отыр
Достарға айту
Қазақстанның түркі мемлекеттерімен жүк тасымалы артады, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметінен.
Мәжіліс түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялады. Бұл келісім 2022 жылы 11 қарашада Самарқанд қаласында жасалған. Ол Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан арасындағы көлік-транзит әлеуетін және сауда-экономикалық қатынасты одан әрі дамытуға бағытталған.
Келісімге сәйкес түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында теміржол, су және автомобиль көлігімен жасалатын жүк тасымалы көлемі ұлғайтылады. Тараптар өзара ынтымақтасып, жүк тасымалдауды ілгерілетуде қолдау көрсетеді. Осы мақсатта мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен тиісті мәселелерді талқылап, шешуге жауапты Бірлескен комитет құрылады.
Келісім ратификацияланғаннан кейін тараптар транзиттік тасымалдарға қатысты цифрлық технологияларды енгізу және жүктерді "жіксіз" мультимодальды тасымалдауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдай алады. Электронды тауар-көлік жүкқұжаттары мен жол парақтарына көшу мақсатымен автомобиль тасымалдарында көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі әзірленді. Ол Қазақстан халықаралық жүктерді тасымалдау шарты туралы конвенцияға қосылғаннан кейін электронды халықаралық eCMR-ге көшу құралы болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.05.2024, 12:55 1636
Қазақстанда энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясы нарығының құрылымынан шығарылады
Реттелетін бағаларға қайта оралу энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тариф белгілеуінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
Достарға айту
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясы нарығы құрылымынан шығарылады, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметінен.
«Жылу энергетикасы туралы» заңның ілеспе түзетулеріне екінші оқылымда депутаттар энергетика және жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Энергиямен жабдықтау саласындағы өнімсіз делдалдарды болғызбау мақсатымен энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясы нарығының құрылымынан шығару және олардың функцияларын өңірлік электр желілік компанияларға беру ұсынылды. Реттелетін бағаларға қайта оралу энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тариф белгілеуінің ашықтығын қамтамасыз етуге, электр энергетикасы нарығындағы алыпсатарлықты жоюға, сараланған тарифтерден жоспарлы түрде бас тартуға және әлеуметтік шиеленіске жол бермеуге мүмкіндік береді.
Жүктеменің ең жоғары сағаттарында электр қуаты тапшылығы мәселесін шешу үшін базалық қуатты салуға арналған тендерлік рәсімді өткізу тәртібін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар қабылданды. Бұл мемлекеттің электр энергетикасы нарығының инвестициялық тартымдылығын жеткілікті түрде қамтамасыз ететін болады.
Сондай-ақ әлеуетті инвесторларды іріктеу бойынша тендерлерді өткізу рәсімдерін жетілдіруге, жасыл энергетиканы дамытудың гибридті топтық тетігін енгізуге бағытталған және басқа да түзетулер енгізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2024, 13:18 14231
Қазақстанда дизель локомотивтерінің өндірісі 2 есе өсті
Достарға айту
Қазақстанда дизель локомотивтерінің өндірісі 2 есе өсті, деп хабарлайды KazStat.
Осы жылдың алғашқы төрт айында теміржол көлігі өндірісінің едуәір өсімі байқалды. Мәселен, 2024 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында дизель локомотивтерінің өндірісі 20 бірлікті құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп.
Сонымен қатар, вагондар өндірісі өсті. Осы жылдың алғашқы төрт айында 50 бірлік теміржол, трамвай, өздігінен жүрмейтін, жолаушылар, багаж және басқа да арнайы мақсаттағы вагондар шығарылды, бұл өткен жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 8,3 есе көп.
Сондай-ақ, 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында 400 бірлік жүк вагоны өндірілді, ал өткен жылдың тиісті кезеңінде барлығы 9 бірлік вагон өндірілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2024, 13:14 14411
"Бәйтерек" Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі жобаларын 1,6 триллион теңгеге қаржыландырды
Достарға айту
Бәйтерек" Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі жобаларын 1,6 триллион теңгеге қаржыландырды, деп хабарлайды ҚР Экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин баяндама жасады. Отырыстың негізгі тақырыбы еліміздің өңдеу өнеркәсібін дамыту болды.
Ұсынылған деректерге сәйкес, "Бәйтерек" және оның еншілес ұйымдары, соның ішінде "ҚДБ" АҚ, "ӨДҚ" АҚ, "QIC" АҚ, "Даму" КДҚ" АҚ және "Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі (KazakhExport)" АҚ бүгінгі таңда 1,6 триллион теңге сомасына 4,6 мың жобаны қаржыландыра отырып, салаға кешенді қолдау көрсетуде.
Нәтижелерді нақтылай келе, Рустам Карагойшин еншілес құрылымдардың негізгі үлестерін атап өтті:
• Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) 62 жобаны іске асыруға 824,6 миллиард теңге бөлді.
• Өнеркәсіпті дамыту қоры (ӨДҚ) жалпы сомасы 204,9 миллиард теңгеге 41 лизингтік мәмілені қаржыландырды.
• QIC, тікелей инвестициялар қоры 20 миллиард теңге бөліп, 7 жобаға қолдау көрсетті.
• Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі сақтандыру және экспорт алдындағы қаржыландыру құралдары арқылы 465,8 миллиард теңге бөліп, 122 экспорттаушыға қолдау көрсетті.
• Даму кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 751 миллиард теңге сомасына 5,6 мың жобаға қолдау көрсетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2024, 12:15 14966
Қазақстанда мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 2 есеге өсті
Достарға айту
4 айдың қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі 5,9 млн тоннаны, мұнай өнімдерін өндіру көлемі 4,28 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев хабарлады.
МӨЗ, мұнай базалары мен жол бойындағы дизель отынының жиынтық қоры 612 мың тоннаға (38 күн) дейін ұлғайтылды. Атап айтқанда, Аи-92 маркалы бензиннің 352 мың тоннасы (30 күн) және Аи-95 маркалы бензиннің 86 мың тоннасы (30 күн) бар. Қорлар ЖЖМ өндірілуіне және өңірлерден өтінімдер берілуіне қарай үздіксіз толықтырылып отырады.
Мұнайды өңдеу тереңдігі, демек, ҚР-да жеңіл мұнай өнімдерін өндіру 85-тен 87%-ға дейін ұлғайды.
5 мамырда Шымкент МӨЗ-де жоспарлы күрделі жөндеу аяқталды, зауыт штаттық режимде жұмыс істейді.
Осылайша, ЖЖМ нарығындағы жағдай 2023 жылмен салыстырғанда жақсарды", - деп атап өтті ведомствода.
Сонымен қатар мұнай өнімдерін өндіруді кеңейту есебінен ұлғайту жоспарлануда:
• Ақтау битум зауыты - 1-ден 1,5 млн тоннаға дейін (2025 ж.);
• Атырау МӨЗ - 5,5-тен 6,7 млн тоннаға дейін (2027 ж.);
• Павлодар ҰХЗ - 5,5-тен 8 млн тоннаға дейін (2030 ж.);
• Шымкент МӨЗ - 6-дан 12 млн тоннаға дейін (2030 ж.).
Аталған жобаларды іске асыру ішкі нарықтың ЖЖМ-ге деген өсіп келе жатқан қажеттілігін 100%-ға қамтамасыз етуге, сондай-ақ мұнай өнімдерін көрші елдерге экспорттауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті ҚР Энергетика министрлігі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.05.2024, 12:07 15501
Қазақстан мен Қытай өзара сауданы кеңейту бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыруда
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған қазақстандық бизнес-делегация Қытайдың Цзянсу провинциясының Нанкин қаласына келіп, "Цзянсу - Орталық Азия" сауда орталығы алаңында болды. Ауқымды жоба SOHO Holdings Group компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Сауда министрлігінің баспасөз қызметінен.
2024 жылдың наурызында Қазақстан мен Қытай "Орталық Азия - Цзянсу" көпфункционалды орталығын құру туралы келісімге келген еді. Экспортты қолдау бойынша QazTrade ұлттық операторы мен Jiangsu SOHO HoldingsGroup Co Ltd халықаралық компаниялар тобы тиісті құжатқа қол қойды.
Тараптар Қытайдың Цзянсу провинциясында сауда орталығын салу жобасын жүзеге асыруға келісті. Сауда алаңында қазақстандық өнімдер, ал болашақта Орталық Азия елдерінің тауарлары сатылымға шығарылады.
Цзянсуға сапары барысында Арман Шаққалиев компания өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіп, Қазақстан мен Орталық Азия елдері үшін салынған сауда павильонын аралады.
SOHO HoldingsGroup өкілінің айтуынша, жоба бойынша Нанкин қаласының дамыған ауданында 11 ғимарат салу жоспары бар. Бұл нысандардың барлығы бизнестің жаңа түрлерін, соның ішінде трансшекаралық нысандарды орналастыруға арналған. Қазақстандық және Орталық Азия мемлекеттерінің өнім өндірушілер үшін төрт қабатты бөлек павильон қарастырылған.
Қытай - біздің стратегиялық сауда серіктесіміз. Қазақстанмен екіжақты сауда айналымында жетекші орын алады. Мемлекет басшысы Қытаймен өзара сауданы 100 миллиард долларға жеткізу міндетін қойды. "Орталық Азия - Цзянсу" жобасын жүзеге асыру қазақстандық өндірушілердің Қытай нарығына шығуына ықпал етіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастың кеңеюіне серпін береді", - деді Қазақстанның Сауда және интеграция министрі.
Сондай-ақ, Шаққалиев сауда павильонының аумағы 2 мың шаршы метрді құрайтынын, оның басым бөлігі қазақстандық тауарлар көрмесіне бөлінетінін атап өтті.
Жобаны әзірлеушілердің айтуынша, сауда кешенінің бірінші қабатында қытайлық келушілер үшін Қазақстанның мәдениеті мен ерекшеліктері туралы таныстыру алаңы орналасады. Екінші қабатта әртүрлі санаттағы отандық тауарларды көрсету ұсынылады. Оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдері, өнеркәсіп тауарлары және т.б. Қалған қабаттарда қазақстандық компаниялардың кеңселері орналасады.
Біз қазақстандық бизнесті отандық тауарлардың экспорттық әлеуетін көрсету үшін Орталық Азия - Цзянсу алаңында өз өнімдерін белсенді түрде көрсетуге шақырамыз. Бұл ретте Қытай тарапы QazTrade компаниясына қазақстандық өнімді квота бойынша орналастыруға айрықша құқық береді", - деді Арман Шаққалиев өндірушілерге.
Қытайлық серіктестердің айтуынша, Нанкиндегі Орталық Азия - Цзянсу сауда орталығының ресми ашылуы қыркүйек айына жоспарланған. Осыған орай Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қазақстандық тауар үлгілерін Қытайдың Цзянсу провинциясына жөнелту үшін жедел дайындықты бастауды атап өтті.
Қазақстанның іскер топтарының қатысуымен өткен кездесуде Jiangsu SOHO HoldingsGroup Co. Ltd компаниясының президенті команияның даму жолы жайында айтып берді. Сондай-ақ бірлескен жобаны жүзеге асыру аясында ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын белгіледі. Цзянсу провинциясындағы ең ірі кәсіпорын "Белдеу және жол" бастамасына қызмет етеді.
Компания алты бағыт бойынша дамып келеді.Олардың бірі өндіріс пен жеткізу тізбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ ауқымды сауда алаңын құруда тәжірибесі мол. Халықаралық топтың басым бағыттарының қатарында сауда логистикасын дамытуды көздеп отыр.
Нанкиндегі қазақстандық павильонмен қатар Қазақстанда да осындай көпфункционалды орталық құру жоспарлануда. Кешенді алаң қытайлық және қазақстандық тауарлардың витринасының рөлін атқарып қана қоймайды, сонымен қатар мұнда бизнес өкілдері халықаралық серіктестермен келісім-шартқа отыра алады, іскерлік келіссөздер жүргізеді, қаржылық және кеңес беру қызметтерін ала алады, сауда операцияларын рәсімдеуге мүмкін болады.
Ірі сауда орталықтарын құру Қытай-Еуропа бағыты бойынша батыс бағытта қойма инфрақұрылымын салумен қатар жүреді. "QazTrade" АҚ бас директоры Жеңіс Өсербай қытайлық серіктестерге Қазақстанда шетелдік қоймалар салу үшін "Қорғастың" мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды.
Біз SOHO HoldingsGroup-тың аймақтардағы құрылыс жоспарларын, әсіресе Қазақстандағы бастамасын қолдаймыз. Осы жерге ұшпас бұрын біз Қорғаста болып, екі арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен келіскен болатынбыз. Логистикалық қоймаларды дамыту үшін қажетті аумақ бар. Біз үлкен әлеует пен мүмкіндіктерді көріп отырғандықтан, жобаны жүзеге асыруға бар күш-жігерімізді саламыз", - деді QazTrade басшысы.
Сондай-ақ, ол Нанкин қаласында ашылатын қазақстандық павильонды толтыру үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында, Орталық Азия елдерінің серіктестерінің Цзянсудағы көпфункционалды орталықты дамытуға қатысуға қызығушылықтары туралы баяндады.
Айта кету керек, Қазақстан бизнеске жан-жақты қызмет көрсету алаңына айналатын және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге серпін беретін, Орталық Азия елдері арасындағы мәдени алмасуды күшейтетін "Орталық Азия - Цзянсу" кешенді алаңының жұмысын үйлестіретін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2024, 23:17 19681
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы төмендеуде
Достарға айту
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы төмендеуде, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жыл басынан бері 21 мамырға дейін республикада әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының өсуі 0,2%-ға дейін баяулады. Өткен аптада көрсеткіш - 0,1% құрады.
Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қазіргі бағасы қатысты жағдай 25 мамыр, сенбі күні Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кезекті кеңесте қаралды.
Бір апта ішінде қырыққабат бірден 10,4%-ға арзандады, оған Түркістан облысында жаңа өнім алу әсер еткен. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова атап өткендей, қырыққабатты сатып алуға сауда желілері қосылды, ішкі нарық жаппай толығып жатыр.
Күнбағыс майы (-0,6%), қарақұмық жармасы (-0,4%), С1 санатындағы тауық жұмыртқасы (-1,4%) бағасының төмендеуі жалғасуда. Сонымен қатар "төмен бағалар" тобында сүзбе (-0,2%), тауық еті (-0,2%), айран майлылығы 2,5% (-0,4%), тұз (-0,1%) және 1 сұрыпты бидай ұны (-0,1%) бар.
Серік Жұманғарин өңірлерге алдағы апта ішінде бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз етуді және қажетті көлемде жаңа өнім жеткізуді жеделдетуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
29.05.2024, 12:33Алматыда терроризмді насихаттады деген күдікті ұсталды 29.05.2024, 13:06 1331Үкімет ауылдық елді мекендерде медициналық мекемелер салу және жаңғырту үшін шамамен 40 млрд теңге бөлді29.05.2024, 12:41 1221Қазақстанда адам саудасының 49 фактісі анықталды29.05.2024, 12:55 1171Қазақстанда энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясы нарығының құрылымынан шығарылады29.05.2024, 13:12 901Миллиондаған долларлық пара алу және алаяқтық фактілері анықталды
23.05.2024, 12:53 115966Елімізде адам папилломасы вирусына қарсы вакцина сатып алуға 9,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді23.05.2024, 12:26 111786АШМ 2,5 млн га алқапта табын шегіртке зиянкестері таралады деп болжап отыр23.05.2024, 16:48 110726Білім беру мекемелеріндегі бейнебақылау камералары, дабыл батырмалары мен турникеттер орнату жөніндегі жұмыстардың орындалуы үкіметтің назарында24.05.2024, 20:23 88526"E-Petition.kz" ресми порталында жарияланған қалдықтарды кәдеге жаратуға қатысты петицияны қарауға қажетті қол жиналды24.05.2024, 20:17 88341Су тасқынынан кейін 356 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды
02.05.2024, 16:37 124621Бакуде Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры кеңесінің бірінші отырысы өтті02.05.2024, 16:34 120921Елімізде қаржы пирамидалары мен заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі алдын алу шаралары талқыланды02.05.2024, 12:14 120681Сенат жаңа туған нәрестеге бірден ЖСН беретін заң нормасын мақұлдады02.05.2024, 15:49 118111Туризм және спорт министрі Алматының туристік әлеуетімен танысты02.05.2024, 16:15 117906"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның тұтынушыларына негізсіз есептелген 1,2 млрд. теңге сомасы қайтарылады