09.01.2022, 19:14 751

ҚР Ұлттық Банкі: айырбастау пункттерінің қызметі уақытша тоқтатылады

Банк жүйесінің жұмысын қалпына келтіру кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
ҚР Ұлттық Банкі: айырбастау пункттерінің қызметі уақытша тоқтатылады
НҰР-СҰЛТАН. 9 ҚАҢТАР - Қазақстанда екінші деңгейлі банктердің және уәкілетті ұйымдардың ақша айырбастау орындарының қызметі уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлайды.
 

Мемлекет басшысының қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстанның Ұлттық банкі келесіні хабарлайды: интернеттің тұрақсыз жұмысына және Алматыда мен өзге өңірлерде контртеррористік операциялардың жалғасуына байланысты банк жүйесінің жұмысын қалпына келтіру банк сервистерінің халық және бизнес үшін қажеттілігі мен әлеуметтік маңызына қарай кезең-кезеңімен іске асырылады. Алматы қаласында және өзге өңірлерде ахуалдың тұрақталуына, сондай-ақ байланыс арналарының қалпына келуіне қарай Қазақстан қор биржасының валюта алаңында сауда-саттықты жандандыру және халықаралық төлемдер мен аударымдарды іске асыруды қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданатын болады. Осыған орай, екінші деңгейлі банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пунктерінің қызметі айырбастау пунктерінің, сондай-ақ олардың қызметкерлері мен клиенттерінің қауіпсіздігі мен амандығы үшін уақытша тоқтатылды", - делінген ҚР Ұлттық банк хабарламасында.

 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны