22.01.2008, 13:05 1494

Семейде дара сауда айналымының көлемі 2007 жылы 51824,5 млн теңгені құрады

Семейде дара сауда айналымының көлемі 2007 жылы 51824,5 млн теңгені құрады

Семей. 22 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Семейде дара сауда айналымының көлемі 2007 жылы 51824,5 млн теңгені құрады, деп хабарлайды агенттік қалалық статистика бөліміне сілтеме жасай отырып.

Қалалық статистика бөлімінің ақпараты бойынша, "2007 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары арасында дара сауда айналымының көлемі 51824,5 млн теңгені құрады, соның ішінде сауда кәсіпорындарымен сатылған тұтыну тауарларының көлемі 22213 млн теңгеге жетсе, сауда орындары бар жеке кәсіпкерлердің тапқан табыс мөлшері 16949,6 млн теңгені, ал базардағы саудагерлердікі 12661,9 млн теңгені құрады".

Ал қазіргі бағалар бойынша жасалған сауда- саттық тауар айналымы, 2006 жылмен салыстырғанда 25,9% көтерілді.

"Семей кәсіпорындары мен жеке тұлғалардың үлесіне облыстағы сауда айналымының 29,1% тиесілі ", - деп атап өтті бөлім қызметкерлері. Ал қаланың бір тұрғынына өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында орташа мөлшерде сауда айналымының 168 мың теңгесі келді.

Қалалық статистика бөлімінің мәліметтері бойынша, қалалық сауда көтерме кәсіпорындары өткен жылы 116191,1 млн теңге мөлшерінде тауар сатты. Бұл 2006 жылдағы көрсеткіштерден екі есе жоғары.

"2007 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары арасында тауар қызметінің көлемі 866250 мың теңгені құрады. Оның қомақты үлесі қоғамдық тамақтандыру қызметіне тиесілі. Ал оның мөлшері 739856 мың теңгеге жетті, бұл 2006 жылдаға көрсеткіштерден 2,1% кем ", - деп хабарлады статистика бөлімінің қызметкерлері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны