25.03.2024, 14:18 68261

Шымкент мұнай өңдеу зауытында бүгін жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды

Шымкент мұнай өңдеу зауытында бүгін жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды
Сурет: Kazakhstan Today
Шымкент мұнай өңдеу зауытында (ПҚОП ЖШС) бүгін жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды, деп хабарлайды "ҚазМұнайГаз" компаниясының баспасөз қызметінен.

Бұл жұмыс кәсіпорынның технологиялық қондырғыларын одан әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы азаматтық қорғау туралы заңды орындау мақсатында және ҚР Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Зауытта жұмыс басталған уақытта ішкі нарыққа мұнай өнімдерін біркелкі тиеп жөнелту үшін барлық өнім желісінің жеткілікті қоры жинақталды. Бұл ретте Павлодар мұнай-химия және Атырау мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде отын өндіруді жалғастырады.

ПҚОП-та жұмылдырылған мердігер ұйымдармен жоспарлы алдын алу жұмыстары бойынша алғашқы жиын өтті. Зауыт басшылығы жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау және жұмыс процесін тиімді жоспарлау міндеттерін қойды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны