24.05.2024, 19:38 29446

Шымкент МӨЗ өндірістік қуатын жылына 12 млн. тоннаға дейін арттыру жобасы

Жаңа нысандарды іске қосу 2030 жылға жоспарланған
Шымкент МӨЗ өндірістік қуатын жылына 12 млн. тоннаға дейін арттыру жобасы
2024 жылғы 23 мамырда Энергетика министрлігі (министрлік), "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС (ПКОП) және CNPC өкілдерінің қатысуымен "Шымкент МӨЗ қуаттылығын жылына 12 млн тоннаға дейін арттыру" жобасының мәртебесі мен жоспарланған жұмыстары бойынша жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

ПКОП зауыты-өндірістік қуаты жылына 6 млн.тонна болатын Орталық Азиядағы ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі. Ол ең алдымен, еліміздің мотор отынына деген қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде шикізатпен, инфрақұрылыммен және энергоресурстармен қамтамасыз ету, халықаралық стандарттарды қолдану мәселелерін қарады. Сондай-ақ әлеуетті инвесторлардың қарсы міндеттемелерін айқындайтын ҚР және ҚХР үкіметаралық келісімінің жобасын әзірледі.

Жоба мемлекет басшысының жолдауы шеңберінде жоғары деңгейдегі өңделген өнім шығаратын кластер құруға көзделген басым бағыттардағы 15 ірі жобаның тізіміне кіреді.

Алдын ала есептеулер бойынша жобаны іске асыру автобензин өндірісін 700 мың тоннаға, авиаотын өндірісін 700 мың тоннаға, дизель отынын өндіруді 3,9 млн.тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа нысандарды іске қосу 2030 жылға жоспарланған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны