30.04.2024, 16:41 67471
Сингапур Қазақстан экономикасына 1,4 млрд астам инвестиция салды
Сурет: akorda
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Сингапур Парламентінің спикері Сеа Киань Пен бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстан мен Сингапур арасындағы тығыз қарым-қатынасты одан әрі кеңейтуді көздейтін кездесу достық рәуіште әрі нәтижелі өтті.
Біз - уақыт сынынан өткен сенімді серіктеспіз. Өзара байланыстарды нығайту үшін ауқымды жұмыс жүргізілді. Дегенмен алдымызға екі елдің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған биік мақсат қойып отырмыз", - деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, халықаралық ынтымақтастықты арттыруда және мемлекеттер арасындағы диалогқа ықпал етуде парламенттік дипломатия аса маңызды рөл атқарады.
Президент бүгінде Қазақстанда 140-тан астам сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтінін, олардың ел экономикасына құйған инвестициясының жалпы көлемі 1,4 миллиард доллардан асқанын атап өтті.
Өз кезегінде Сеа Киань Пен қонақжайлық танытқан Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, екі елдің ынтымақтастығын тереңдету үшін мол әлеует бар екенін айтты.
Кездесуде экономикалық және инвестициялық ықпалдастық перспективаларына баса назар аударылды. Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.05.2024, 11:28 2496
Қытайда алғашқы Қазақстан-Қытай астық форумы өтеді
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстанның вице-премьері Серік Жұманғарин мен ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары Лю Гочжун 16 мамырда Астанада өткен екіжақты кездесуде ынтымақтастықты жандандыру үшін ауқымды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Негізгі мәселелердің ауыл шаруашылығына қатысты болды. Тараптар кедергісіз сауда жолындағы елеулі қадамдарды атап өтті. Бірінші кезекте, 2024 жылғы ақпанда Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірлерінен Қытайға ет өнімдерін экспорттауға қатысты аусыл бойынша шектеулерді алып тастау. Бұл Қазақстанға ҚХР-ға жоғарғы сападағы мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауды қайта бастауға мүмкіндік берді.
Қытайлық бизнесмендерді Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және терең өңдеу, оның ішінде өндірістік кооперация қағидаттары бойынша бірлескен жобаларды ұйымдастыруға шақырамыз. Біз дәнді және майлы дақылдарды, ет, құс шаруашылығы, сүт және балық өнімдерін, бал, жемшөп және басқа да азық-түлік түрлерін экспорттауға дайынбыз", - деді Серік Жұманғарин ҚХР делегациясына.
Қазақстаннан Қытайға жеткізілетін негізгі дақылдардың бірі - бидай. 2023 жылы Қытайға 592 мың тонна, 2024 жылдың бірінші тоқсанында 220 мың тонна бидай экспортталды. Сонымен қатар соңғы 5 жылда Қазақстаннан Қытайға өсімдік шаруашылығы өнімінің экспорты 4,6 есеге, атап айтқанда, 2019 жылғы 750 мың тоннадан 2023 жылы 3,5 млн тоннаға дейін ұлғайды.
Соңғы 5 жылда Қазақстаннан Қытайға бидайдан басқа да өсімдік шаруашылығы өнімдерінің экспорты 4,6 есеге, 2019 жылғы 750 мың тоннадан 2023 жылы 3,5 млн тоннаға дейін ұлғайды.
Дәнді дақылдарды жеткізудегі ынтымақтастықты нығайту жолындағы елеулі қадам 2024 жылғы маусымда ҚХР-ның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында өтетін алғашқы Қазақстан-Қытай астық форумы болмақ. Оған астық экспорты/импорты мен оны қайта өңдеу өнімдерін реттеуге қатысатын екі елдің қазақстандық және қытайлық бизнесінің, мемлекеттік органдары мен мемлекеттік компанияларының өкілдері қатысады.
Кездесуде қазақстандық тарап ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық бойынша бірлескен кіші комитет құруды ұсынды. Бұл екі елдің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзара іс-қимыл әлеуетін неғұрлым тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ кіші комитет жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның ауыл шаруашылығы және көлік министрліктері, ҚТЖ, ҚХР Бас кеден басқармасы және Қытай темір жол әкімшілігі қызметкерлерінен тұратын бірлескен жұмыс тобын құру ұсынылды, ол туындаған мәселелерді жедел және дәйекті түрде шешетін болады.
Сондай-ақ кездесу барысында тараптар көлік және логистика, электрондық коммерция, су үнемдеу, мәдени-гуманитарлық қатынастар және басқа да салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.05.2024, 16:53 6486
Қазақстан мен Германия бірлескен жаңа жобаларды іске асыруға мүдделі
Достарға айту
Қазақстан мен Германия АӨК, ТМК, энергетика, көлік және логистика салаларында бірлескен жаңа жобаларды іске асыруға мүдделі, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың, Германия экономикасының Шығыс комитеті басқармасының төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзердің қатысуымен Берлин Еуразиялық клубының 40-шы мерейтойлық отырысы өтті.
Сондай-ақ шараға мемлекеттік және жеке сектор өкілдері, CLAAS, CT AGRO GmbH, Knauf International GmbH, Atlas International GmbH секілді Германияның жетекші компанияларының басшылары қатысты.
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары өзінің алғы сөзінде Германияның еліміздің Еуропалық одақтағы ең маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі екенін атап өтті. Соңғы жылдары Қазақстан Германияның 50 жетекші сыртқы сауда серіктестерінің қатарына енді, осылайша бірден 10 позицияға көтерілді.
«Республикамыздағы инвестициялар қауіпсіздігі мен жоғары саяси тұрақтылықты мойындаудың маңызды белгісі – Германия Федералды үкіметінің Қазақстанды ынтымақтастық орнату үшін инвестициялық кепілдіктер берудің жеңілдікті тәртібі қолданылатын 34 мемлекеттің тізіміне қосуы болды», — деді Р. Скляр.
Өз кезегінде Катрина Клаас-Мюльхойзер Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы ең маңызды серіктесі екенін баса айтты. Ол неміс делегациясының Қазақстанға агроөнеркәсіп кешені, тау-кен металлургиясы, энергетика, көлік және логистика салаларында нақты бірлескен жобаларды жүзеге асыруды уағдаласу мақсатымен келгенін ерекше атап өтті.
«Германия шетелде серіктестерді белсенді іздеуде, осы орайда Қазақстан ынтымақтастықты кеңейтудің басым бағыты болып саналады. Біз қосылған құны жоғары өнім шығарғымыз келеді және Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік жобаларды дамытуға үлес қосуды жоспарлап отырмыз», — деді Германия экономикасы Шығыс комитетінің басқарма төрағасы.
Кездесу барысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин, Германия экономикасы Шығыс комитетінің атқарушы директоры, Қазақстан-Германия Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Михаэль Хармс, Орталық Азиядағы неміс экономикасы Сыртқы сауда, ілгерілету және қаржы департаментінің басшысы Ховсеп Восканян, Германия Федеративтік Республикасының Экономика және климатты қорғау федералды министрлігінің басшысы Герлинд Хекман және т. б. қатысты.
Сонымен қатар Р. Скляр құрамына 15 неміс компаниясының басшылары кіретін неміс экономикалық делегациясының өкілдерімен кездесу өткізді. Тараптар пікір алмасып, ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін анықтап, экономиканың түрлі салаларындағы әріптестікті тереңдетудің ықтимал жолдарын талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.05.2024, 12:49 10501
Хасенов "ҚазМұнайГаз" басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
Достарға айту
ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының м. а. тағайындалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ұжымына Асхат Хасеновты таныстырды, оған "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілгенге дейін Басқарма төрағасының міндетін атқару жүктелген.
Сондай-ақ, Қор басшысы Мағзұм Мырзағалиевке ҚМГ басшысы ретінде атқарған қызметі үшін алғысын білдірді.
Асхат Хасенов Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау" мамандығы бойынша, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін "Менеджмент" мамандығы бойынша тәмамдаған.
- Еңбек жолын 2005 жылы "Торғай Петролеум" АҚ Мұнай және газ өндіру цехының 3-разрядты операторы қызметінен бастаған.
- 2006-2010 жылдары "Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы" АҚ-да жұмыс істеді, онда техникалық реттеу басқармасының жетекші маманынан бастап вице-президенттің басқарушылық лауазымына дейін қызмет атқарды.
- Әр жылдары мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарды.
- 2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың мамырына дейін ҚР Энергетика вице-министрі қызметін атқарды.
- "Құрмет" орденімен марапатталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2024, 09:56 16761
Қазақстанда көкөністердің бағасы өсті: Жұманғарин былтырғы егіннің барлық қалдықтарын сатуды тапсырды
Достарға айту
Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының қазіргі жағдайы мен олардың қолжетімділігіне қатысты мәселелер қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
2024 жылдың басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының орташа өсім индексі 0,3% құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 пайыздық тармаққа төмен.
Тоғыз өнім бойынша 0,1%-2,8% шегінде бағаның төмендеуі байқалады, атап айтсақ: ұн, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, сары май, айран, сүзбе, қырыққабат, қант және жұмыртқа.
Дегенмен, статистика бойынша маусымаралық кезеңде және ерте піскен көкөністер сатылымға қойылған кезде пияз, картоп, сәбіз бағасының біршама өскені байқалады.
ҚР АШМ деректеріне сүйенсек, өңірлердің тұрақтандыру қорларында былтырғы өнімнен қалған 76,4 мың тонна көкөніс бар, нақтырақ айтсақ: 45,5 мың тонна картоп, 11,2 мың тонна сәбіз, 10,4 мың тонна пияз, 9,1 мың тонна қырыққабат. Өзбекстан мен Тәжікстаннан және Қазақстанның оңтүстік өңірлерінен ерте піскен өнім жаппай түскенге дейін көкөніс бағасын тұрақтандыру үшін Серік Жұманғарин қысқа мерзім ішінде былтырдан қалған барлық өнімді сатыпды тапсырды.
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, 12 өңір "Qaztrade" сауда саясатын дамыту орталығының көмегімен импорттық көкөністерді жеткізуге Тәжікстан мен Өзбекстанның мемлекеттік кәсіпорындарымен шарт жасасқан. Сонымен қатар әкімдіктер Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының өндірушілерімен 29,6 мың тонна ерте пісетін көкөністерді жеткізуге келісімшарт жасасты.
Бұған қоса, кеңес барысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі көкөніс сақтау қоймалары мен азық-түлік қоймаларының жағдайына ерекше назар аударылды. Әкімдіктердің мәліметінше, қазіргі уақытта бірде-бір қойма мен оның ішіндегі өнімге су тасқынынан залал келген жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
03.05.2024, 11:24 49576
Шымкент қаласы мен Түркістан облысында бизнес үшін электр энергиясының тарифтері төмендетілді
Төмендетілген тариф 2024 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі
Достарға айту
Шымкент қаласы мен Түркістан облысында бизнес үшін электр энергиясының тарифтері төмендетілді, деп хабарлайды ҚР Экономика министрлігінің бапасөз қызметінен.
Энергопоток" ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне Шымкент қаласы мен Түркістан облысының заңды тұлғалары үшін электр энергиясына тарифті 42,23 теңгеден 37,00 теңге/кВтсағ-қа дейін яғни 12,4%-ға төмендету туралы өтінішін жолдады.
Төмендетілген тариф 2024 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі. Жалпы облыс бойынша 32 000-дан астам абонентке (заңды және жеке кәсіпкерлер) тариф төмендетіледі.
Тарифті төмендету ҚР ҰЭМ ТМРК-ның аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін электр энергиясын жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын жақында тоқтатқаннан кейін мүмкін болды.
Еске сала кетейік, бұл жұмысты Үкімет Мемлекет басшысының делдал ұйымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды алып тастау жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізді.
Тарифті төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (қаланың заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушіге ("Энергопоток" ЖШС) ауысуы болды, бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайту жағына, тиісінше тарифтің өзін төмендетуге әсер етті.
Электрмен жабдықтау қызметтерін үздіксіз алу үшін Шымкент қаласы мен Түркістан облысының заңды тұлғаларына "Энергопоток" ЖШС-мен тиісті шарт жасасу ұсынылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.05.2024, 11:29 55141
Ұлттық Банк мамыр айында Ұлттық қордан 850 млн долларға дейін сатуды жоспарлап отыр
Достарға айту
Сәуір айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1,1%-ға, яғни 1 АҚШ доллары үшін 442,05 теңгеге дейін нығайды. Қазақстан қор биржасында сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 225 млн АҚШ долларынан 234 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,1 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметінен.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін сәуірде 1 056 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 21%-ын және күніне 48 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады. Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтағы бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын біркелкі қалыпта сатуды білдіреді. Мұндай тәжірибе Ұлттық қордағы операциялардың валюта нарығына әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Ұлттық Банк сәуірде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында биржадағы сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жалғастырды. Оның жалпы сомасы 500 млн АҚШ долларын немесе нарықтың жалпы көлемінің шамамен 10%-ын құрады.
Ұлттық Банк сәуірде валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.
Республикалық бюджетке трансферттер бөлуге Үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша 2024 жылғы мамырда Ұлттық Банк Ұлттық қордан 750 млн АҚШ долларынан 850 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылуын күтеді.
2024 жылғы мамырда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін 450 млн АҚШ долларынан 500 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатып алу көзделген.
Ұлттық Банк ашықтық қағидаты аясында валюта нарығында жүргізілетін барлық операция туралы ақпаратты толық ашып көрсетеді. Қысқамерзімді перспективада теңгенің динамикасы нарыққа қатысушылардың күтулеріне, тоқсандық салық төлемдеріне, әлемдік нарықтардағы ахуалға және геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты болады. Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстана береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.04.2024, 16:50 66666
Қазақстан мен Тәжікстан тауар айналымын $2 млрд-қа дейін ұлғайтуға ниетті
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Душанбеге ресми сапармен барды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Күн тәртібінде сауда және инвестициялар, өнеркәсіп кооперациясы, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік байланысы, сондай-ақ су-энергетикалық ынтымақтастық саласындағы қазақ-тәжік өзара іс-қимылы мәселелері тұр.
Олжас Бектеновті Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қабылдады. Қазақстан - Тәжікстанның төртінші ірі сауда серіктесі. Бүгінгі таңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон арасындағы қарқынды саяси диалог пен қол жеткізілген уағдаластықтардың арқасында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық тұрақты дамып келеді. Қолда бар зор әлеуетті ескере отырып, үкіметтер алдына тауар айналымын 2 есеге - $2 млрд-қа дейін арттыру міндеті қойылды.
Үкіметаралық келіссөздер кеңейтілген құрамда өтті және ынтымақтастықты нығайту әрі сауда ағындарын әртараптандыру шараларына арналды. Сондай-ақ Қазақстанның шамамен құны $190 млн болатын 85 тауар позициясы бойынша экспортты арттыруға дайындығы атап өтілді.
Үкіметтік делегациялар өнеркәсіп кооперациясын дамытудың маңыздылығына тоқталып, экспортқа бағдарланған жаңа бірлескен өндірістер құрудың өзектілігін атап өтті.
Қазақстанның мол тәжірибесін ескере отырып, Тәжікстан аумағында кен орындарын бірлесіп игеру және жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылды. Сонымен қатар Қазақстанда тәжік темір жолдары үшін темір жол техникасын шығаратын ірі өндірістік әлеует бар. Ақтөбе зауыты рельс арқалық өнімдерін жеткізуде ынтымақтастық орнатуға дайын. Сондай-ақ Қазақстанда шығарылатын локомотивтердің, тепловоздардың, бағыттамалық бұрмалардың, трансформаторлардың, ауыл шаруашылығы техникаларының, аккумуляторлардың, автокөлік құралдарының экспорт көлемін арттыру мүмкіндігі зор.
Екіжақты күн тәртібіндегі маңызды мәселе - жыл сайын нығайып келе жатқан әрі өзара түсіністіктің жоғары деңгейімен сипатталатын су саласындағы ынтымақтастық. Екі ел қабылдап жатқан бірлескен іс-шаралар вегетациялық кезеңде "Бахри Точик" су қоймасының қажетті жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұнда төрағалық ету жыл басынан бері Тәжікстаннан Қазақстанға ауысқан Халықаралық Аралды құтқару қорын ұйымдастыру жұмыстары сөз болды.
Ауыл шаруашылығы саласында өткен жылғы сауда көлемінің төмендеуінен кейін оң өсім серпіні байқалады. Осы жылдың екі айында АӨК өнімінің тауар айналымы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9%-ға артып, $84,9 млн-ды құрады. Бұған қоса Тәжікстанға ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты құрылымын әртараптандыру байқалады. Саладағы қазіргі міндеттердің қатарында ұн жеткізу көлемін арттыру мәселесі бар. Ұн тарту өндірісі, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және басқа да бағыттарда бірлескен жобалар құрудың келешегі зор.
Ынтымақтастықтың жаңа бағыттары қатарында цифрландыру саласы бар. Жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Тәжікстанға Smart Bridge, ИРБП (интернет-ресурстардың бірыңғай платформасы), Smart Data Ukimet секілді "eGOV" электрондық үкіметінің меншікті ұлттық жүйелерін өрістетуге көмек көрсету бойынша жұмыстарын бастады. IT саласындағы нәтижелі ынтымақтастық екі ел экономикасын дамытуға және азаматтарының тұрмыс сапасын жақсартуға жол ашады.
Сонымен қатар тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Биыл Тәжікстандағы Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу маңызды оқиға болмақ. Олжас Бектенов алдағы уақытта Душанбеде қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаев ескерткішінің ашылуының маңыздылығын атап өтті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша үкіметтер басшылары барлық бағыт бойынша екіжақты стратегиялық әріптестіктің жоғары серпінін сақтауға дайын екендіктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.04.2024, 17:18 98216
Қазақстан Ауғанстанға отандық автокөліктерді экспорттауға мүдделі
Достарға айту
Қазақстан делегациясының Ауғанстанға ресми сапары барысында қазақстандық 35 компания Кабулда өткен Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы мен көрмесінде өз өнімдері мен қызметтерін ұсындыдеп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Қазақстанның бизнес-делегациясының құрамында серіктестіктің жаңа бағыттарын құру үшін QarMet компанияларының, Doscar Group дилерлік орталығының (KIA, Chevrolet брендтері), Кентау трансформатор зауытының, Kaspy Group компаниялар тобының (металл конструкцияларын дайындау, ауыл шаруашылығы техникасын өндіру) өкілдері, зертханалық сынақтарды, медициналық дәрі-дәрмек, май өнімдері, кондитерлік өнімдер, тоқыма және басқа да тауар өндіруші кәсіпкерлер келді.
Бизнес-форумның ашылуында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Ауғанстан делегациясының Қазақстанға сапары қорытындысына сәйкес екіжақты тауар айналымын $3 млрд-қа дейін арттыру міндеті қойылғанын еске салды.
Біз химия өнеркәсібіндегі, тау-кен металлургия кешеніндегі өндірісті бірлесіп дамытуды, Ауғанстан аумағында қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлау, ИТ-технологияр саласында, өндіру және өңдеу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылды қарастыруды ұсынамыз. Қазақстан тарапы Ауғанстанда автокөліктерге қызмет көрсететін дилерлік орталықтардың орналасу орнын кейіннен анықтай отырып, отандық өндірістің автомобильдерін жеткізуге мүдделі", - деді Серік Жұманғарин.
Екі елдің жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығы аясында Серік Жұманғарин Ауғанстан азаматтарына Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға берілетін гранттардың жыл сайынғы санын 30-дан 60-қа дейін арттыруды ұсынды. Сондай-ақ вице-премьер Ауғанстаннан келген 30 баланы Қазақстанның жазғы лагерьлерінде 10 күн демалуға шақырды.
Ауған кәсіпкерлерінің арасында қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс әлі де жоғары. Бизнес-форум қорытындысы бойынша $12 млн-нан астам сомаға күнбағыс майы, дәнді дақылдар мен ұн жіберу туралы келісімдерге қол жеткізілді. Ауған компаниялары мотор майына үлкен қызығушылық танытып, отандық жеткізушілермен аталған тауарды жеткізуге алғашқы келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отыр.
Айта кету керек, Герат қаласында (Ауғанстан) Қазақстан сауда үйі ресми түрде ашылып, өз жұмысын бастады, сондай-ақ ол Қазақстан-Ауғанстан сауда-экономикалық қарым-қатынастарының жандануына ықпал ететін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
17.05.2024, 11:24Үкімет Риддердің жылу желілерін күрделі жөндеуге резервтен 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлді 17.05.2024, 12:26 7891Қазақстанда 200-ден астам отбасы су тасқынынан қираған үйлерінің орнына жаңа баспана алды17.05.2024, 11:28 2981Қытайда алғашқы Қазақстан-Қытай астық форумы өтеді17.05.2024, 11:37 2351Грузиядан қаржы пирамидасын ұйымдастырушы экстрадицияланды17.05.2024, 11:42 2071Семейде әпкелі-інілі екі жасөспірім жоғалып кетті: бір жарым айдан кейін қыздың денесі табылды
10.05.2024, 13:16 99191Ағымдағы жылы елімізде 1,5 млн га жерге егін егілді10.05.2024, 13:14 99101Жаңадан тағайындалған Цифрлық даму министрі ант берді10.05.2024, 13:12 98886Шымкент және Қызылорда әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдарының құрылысы аяқталуға жақын10.05.2024, 13:05 98676Қазақстанда 2025 жылы әлеуметтік қызметкерлердің дағдылары мен құзыреттеріне қойылатын талаптар өзгереді10.05.2024, 13:02 93346Су тасқынынан зардап шеккен шағын және орта бизнес қандай өтемақы ала алатындығы белгілі болды
24.04.2024, 18:17 157471Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде24.04.2024, 18:12 155761Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді24.04.2024, 18:04 152746Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады18.04.2024, 11:47 149896ҚР-да көп тұтынылатын алкоголь түрлерінің өндірісі биыл азайды22.04.2024, 16:42 132186Энергетикалық сектордың жер қойнауын пайдаланушыларының сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесі 61%-ды құрады