20.06.2022, 14:52 5341

Синоптиктер бидайдың өнімділігіне қорытынды болжам жасады

Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы метеорологиялық жағдайлар, биыл астықтың қалыптасуы мен пісіп-жетілуі үшін қолайлы болды.
Синоптиктер бидайдың өнімділігіне қорытынды болжам жасады
НҰР-СҰЛТАН. 20 МАУСЫМ - "Қазгидромет" РМК күздік бидай өнімділігінің болжамына нақтылауды шығарды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Синоптиктер айтқандай, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы метеорологиялық жағдайлар, биыл астықтың қалыптасуы мен пісіп-жетілуі үшін қолайлы болды.
 

Есептік деректерге сәйкес, қалыптасқан және күтілетін агрометеорологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында күздік бидайдың өнімділігі негізінен орташа көп жылдық мәндерге жуық болады деп болжанады", - делінген Қазгидромет хабарламасында.

 
Жамбыл облысының Рысқұлов, Шу және Сарысу аудандарында, сондай-ақ Түркістан облысының Сарыағаш ауданында күздік бидайдың өнімділігі орташа көпжылдық мәннен жоғары болады деп күтілуде.
 
Оңтүстік облыстар аудандары бойынша түсімділік болжамы "АgroData" фермерлерге арналған қосымшада қолжетімді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны