24.02.2022, 17:45 27961

Смайылов: Қазақстанның ЕАЭО бойынша серіктестерімен өзара саудасы 37,5%-ға өсті

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичпен келіссөз жүргізді.
Смайылов: Қазақстанның ЕАЭО бойынша серіктестерімен өзара саудасы 37,5%-ға өсті
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 24 АҚПАН - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының жобасын дайындау барысы, ЕАЭО шеңберінде техникалық реттеудің бірыңғай базасын жетілдіру, сондай-ақ Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің алдағы отырысын өткізу мәселелері талқыланды, Үкімет басшысының сайты хабарлайды.

Ә. Смайыловтың айтуынша, өзара тиімді шешімдер қабылдауға басымдық беру Ұйымның бағытына толық сәйкес келеді, мұны Ұйым жұмыс істеген кезеңде өзара сауданың едәуір өсуі нақты көрсетіп отыр. 

Мәселен, ЕАЭО қызметі кезеңде Қазақстанның әріптестерімен өзара саудасы 37,5%-ға, оның ішінде экспорт 33%-ға өсті.

Біздің алдымызда түрлі салалардағы кооперация бойынша, бірінші кезекте өнеркәсіптегі кәсіпорындарымен бірлесіп интеграциялық жобаларды іске асыру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр", - деп мәлімдеді Смайылов.


Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы 2021 жылы $26,1 млрд құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 28%-ға жоғары. Қазақстаннан ЕАЭО елдеріне экспорт 2021 жылы 34,9%-ға өсіп, $7,6 млрд жетті. ЕАЭО елдерінен Қазақстанға импорт 2021 жылы 25,4%-ға өсіп, $18,4 млрд болды.

Өз кезегінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы М. Мясникович қазақстандық тараптың үйлесімді жұмысын атап өтіп, ЕҮАК-нің қазіргі отырысының барлық мәселесі белгіленген тәртіпте қаралатынын атап өтті. Кооперацияны дамыту бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр.

Бүгін Әлихан Смайылов сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және Ұлттық банкпен бірлесіп, Украинада болып жатқан оқиғалардың теріс әсерін азайту жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.




 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны