21.02.2022, 17:43 15636

Смайылов: ҚДБ жаңа өндірістерді құруды қаржыландыруға назар аударуы керек

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қызметін реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Смайылов: ҚДБ жаңа өндірістерді құруды қаржыландыруға назар аударуы керек
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 21 АҚПАН - Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қызметін реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Реформалау аясында ҚДБ еліміз үшін стратегиялық және экономикалық маңызы бар, өтелу мерзімі ұзақ ауқымды әрі капиталды көп қажет ететін инвестициялық жобаларды, сондай-ақ индустриялық өндірістерді қаржыландыруға көбірек бағдарланады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

ҚДБ жаңа өндіріс орындарын құру жобаларын қаржыландыруға маңыз беруі тиіс. Қызметтің ашықтығын арттыру, бизнес-процестерді оңтайландыру мен цифрландыру және Банк қызметтерінің қолжетімділігін кеңейту жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажет", - деп атап өтті ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов.






 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны