19.01.2007, 13:48 2851

Үкімет басшысы қаржы министрлігіне 2008-жылдан бастап елімізде тұрғындырдың кірісін жаппай декларациялау тәртібін енгізу мүмкіндігін қарауды тапсырды

АСТАНА. 19-қаңтар. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қаржы министрлігіне 2008-жылдан бастап елімізде тұрғындырдың кірісін жаппай декларациялау тәртібін енгізу мүмкіндігін қарауды тапсырды. Бұл туралы ол бүгін министрлікте өткен алқа мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қаржы министріне келесі жылдан бастап халықтың кірісін жаппай декларацияда көрсету тәртібін енгізу мәселесін ойластырып, үкіметтің қарауына енгізуді тапсырамын",- деді ол.

К.Мәсімовтың айтуынша, үкімет "қаржы министрлігі мен салық қызметі осы жұмысқа дайын ба, жоқ па" дегенді білуге тиіс. "Жалпы идеология - кірісті жаппай декларациялауға көшу қажеттігіне саяды. Бұл жерде мәселе оны қашаннан бастау керек деген сауалда тұр",- деді К.Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны