04.03.2022, 13:22 35921

Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды

Тағы 26 жүк көлігі Украинаның орталық және шығыс аймақтарында қалып отыр.
Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды
Сурет: Depositphotos.com
НҰР-СҰЛТАН. 4 НАУРЫЗ - 2022 жылғы 4 наурыздағы жағдай бойынша Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды. Тағы 7 жүк көлігі Польша шекарасында орналасқан, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
26 жүк көлігі Украинаның орталық және шығыс аймақтарында қалып отыр. Ол жүргізушілерге де қолдау көрсетіліп жатыр, деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
 
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР ИИДМ-де халықаралық жүк тасымалында туындаған мәселелер бойынша жедел кеңес өткен болатын. Қазақстандық жүк көліктерін Украинадан шығару үшін олардың тізімі жасалып, ҚР Сыртқы істер министрлігіне берілді. Сондай-ақ, ҚР ИИДМ көліктер мен жүргізушілерді қосымша құжаттарсыз өткізу жөнінде Польша мен Молдованың мемлекеттік органдарына жүгінді. 2022 жылғы 28 ақпанда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев уәкілетті органдармен қазақстандық тасымалдаушылардың Украинадан шығуы үшін "жасыл дәліз" ұйымдастыру жөнінде келіссөздер жүргізді.
 
Кеңес барысында тасымалдаушыларға жүргізушілерді Украинаның батыс бөлігі арқылы Польша мен Молдавия шекараларына жіберу ұсынылды. Онда өткізу пункттері ашылып, жеңілдетілген тәртіппен өту ұйымдастырылды.
 
2022 жылғы 3 наурызда вице-министр Б.Камалиев Польшаның инфрақұрылым және құрылыс министрі А.Адамчикпен телефонмен сөйлесіп, жүк тасымалында туындаған жағдайды талқылады.
 
Бұдан басқа, ҚР ИИДМ-де жүк тасымалдау саласындағы мәселелер бойынша жедел штаб құрылып, оны министр Қайырбек Өскенбаев басқарды. Жедел штаб бизнес-субъектілерге және халықаралық жүк тасымалдарына қатысушыларға көмек көрсету және ақпараттық қолдау үшін құрылған.
 
Сондай-ақ, ҚР ИИДМ Ахуалдық орталығы базасында жедел желі ашылды. Туындаған сұрақтар бойынша Call-орталыққа +7 708 088 08 00; +7 (7172) 98-35-35 нөмерлеріне қоңырау шалуға, сондай-ақ, + 7 708 088 08 00 WhatsApp нөміріне жазуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны