28.06.2022, 15:27 11066

Қытай мен Қазақстан арасында қандай әуе рейстері қайта басталады

"Air Astana" әуе компаниясы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жұма күндері аптасына 1 рейс жиілігімен Алматы – Чэнду бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін жаңартады.
Қытай мен Қазақстан арасында қандай әуе рейстері қайта басталады
Сурет: unsplash.com
НҰР-СҰЛТАН. 28 МАУСЫМ - 2020 жылдан бері алғаш рет қазақстандық "Air Astana" әуе компаниясы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жұма күндері аптасына 1 рейс жиілігімен Алматы – Чэнду бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін жаңартады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 7 шілдесінен бастап жұма күндері қосымша рейс қосылады. Рейстер Boeing-767 және А321 NEO типті әуе кемелерінде орындалатын болады. 
 
Өз кезегінде, ҚХР тарапынан "China Southern Airlines" қытайлық әуе компаниясы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жұма күндері аптасына 1 рейс жиілігімен Алматы – Үрімші бағыты бойынша тұрақты жолаушылар әуе рейстерін жаңартуды жоспарлап отыр. Рейстер Boeing-737 және Boeing-787 әуе кемелерінде орындалатын болады. 
 

Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру екі достас ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ ҚХР азаматтары үшін енгізуге жоспарланған 14 күндік визасыз режимді толық пайдалануға ықпал етеді", - делінген МКК хабарламасында.

 
Ұшуларды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайтында жарияланған кестемен орындау жоспарланғанын атап өткен жөн. 
 
Билеттер әуе компаниялардың ресми сайттарында қолжетімді.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қытайға аттанатындар үшін ПТР екі рет - ұшуға дейін 48 және 24 сағат ішінде тапсыру қажет. Тест нәтижелердің дәлдігі үшін әртүрлі зертханаларда өткізіледі. Ұшуға дейін кемінде 12 сағат бұрын антигенге тест тапсырылады, ол әуежайда тіркелу кезінде ұсынылады. Бұл ретте сапарға шығуды жоспарлағандар тиісті кепілдік хатқа қол қойып, рейске 10 күн қалғанда өзін-өзі оқшаулауы керек.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны