25.11.2022, 15:38 22876

Жұманғарин еліміздің ірі агроөнеркәсіп өндірушілерімен өзекті мәселелерді талқылады

Отандық аграрлық ғылымды дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды.
Жұманғарин еліміздің ірі агроөнеркәсіп өндірушілерімен өзекті мәселелерді талқылады
Сурет: primeminister.kz
Астана. 25 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшыларымен алаңдататын және аса өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
 
Қатысушылар субсидияларды бөлу және уақытылы беру, мал шаруашылығын дамыту және қолдау, ветеринариялық қауіпсіздік, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, экспорттық шектеулерді алып тастау және т.б. сияқты агроөнеркәсіп кешені саласының өзекті мәселелерімен қатар, ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі ұсыныстарын жеткізді. Отандық аграрлық ғылымды дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды.
 

Елімізде әрбір шаруа - экспериментші, ал жеке зерттеу жүргізу өте қымбатқа түседі.Мемлекет аграрлық ғылымды дамытуға көп қаражат бөледі, ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы бар, ол фермерлерді көкөністерді егу мерзімі, әдістері және басқа да ерекшеліктері туралы әдістемелермен қамтамасыз етуі керек", - деді "Олжа Агро" ЖШС басшысы Айдарбек Ходжаназаров.

 
Сүт өнімдерін өндірушілер өз тарапынан жоғары ретро-бонустарды қосатын сауда желілерінің практикасы жайлы айтты.
 
Сұрақтардың әрбір блогы бойынша вице-премьер егжей-тегжейлі түсініктеме берді.
 

Біз барлық мәселелерді бірлесіп талқылаймыз, жақында сауда желілерімен кездесулер ұйымдастырамыз, қаржыландыру, субсидиялар бөлудің тұрақтылығы мен басқа да мәселелерді пысықтаймыз, айтылған ұсыныстар бойынша бөлек кездесулер өткіземіз. Барлық шешімдер мемлекет пен бизнестің мүдделерін ескере отырып қабылданатын болады" , - деп түйіндеді Серік Жұманғарин.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны