03.11.2025, 16:36 102921

Жаңа астық экспорты 2 миллион тоннаны құрады

Жаңа астық экспорты 2 миллион тоннаны құрады
Сурет: gov.kz

Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының мәліметінше, ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында Қазақстаннан жаңа өнімді астықтың 2 миллион тоннасы экспортталды. Салыстырмалы түрде қарасақ, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 1,8 миллион тонна болған. Бұл - экспорт көлемінің тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.


Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт көлемі 42%-ға артып, 738 мың тоннадан 1 049 мың тоннаға дейін артты. Қырғызстанға жеткізілім көлемі 2,6 есеге, 24 мыңнан 64 мың тоннаға дейін, Әзербайжанға 3,1 есеге (18 мыңнан 56 мың тоннаға дейін), Ауғанстанға 42,5%-ға (73 мыңнан 104 мың тоннаға дейін), ал Түрікменстанға 2,3 есеге (3 мыңнан 7 мың тоннаға дейін) өсті.

Астық экспортының көрсеткіші Қазақстанның халықаралық нарықтағы беделінің нығайғанын және ұлттық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің артқанын көрсетеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны