02.03.2026, 20:26 249266
Жедел штаб отырысында тыңайтқыштар мен көктемгі егіс жұмыстарына арналған жеңілдетілген дизель отынын жеткізу мәселелері қаралды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен көктемгі дала жұмыстары жөніндегі жедел штаб отырысында өңірлерді тыңайтқыштармен қамтамасыз ету жағдайы талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы еліміз бойынша 2,3 млн тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 500 мың тоннаға артық.
Жиын барысында келісімшарт жасауға және тиеп-жөнелту жұмыстары жеткілікті қарқынмен жүргізілмей жатқанына назар аударылды.
Әкімдіктердің нақты ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда 414 мың тонна тыңайтқыш жеткізуге шарттар жасалған, оның 187 мың тоннасы жөнелтілген. Егіс науқаны басталып кеткен оңтүстік өңірлерге небәрі 30 мың тонна бағытталған.
Барлық өңір тыңайтқыш өндірушілерге қаражатты уақтылы аударуға кіріспегені туралы да айтылды. Премьер-министрдің орынбасары жұмыс қарқыны төмен облыстардың есебін тыңдап, қаржылық мәселелер мен жеткізілімдерді жеделдетуді, фермерлерді белгіленген мерзімде қажетті көлемдегі тыңайтқышпен қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жеңілдетілген дизель отынымен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Егіс жұмыстарын жүргізу үшін литрі 281 теңге бағамен 402 мың тонна жанар-жағармай бөлінді. Өткен жылы жеңілдетілген баға литріне 254 теңгені құраған болатын. Бұрынғыдай шаруалар үшін дизель отынының құны нарықтық бағадан 15%-ға төмен.
Сондай-ақ аграрлық сала өкілдерінің өтініші бойынша көктемгі жұмыстарға арналған арзандатылған дизель отынын алдын ала - күз мезгілінен бастап, жеңілдетілген қаржыландырумен қатар бөлу мүмкіндігі қаралды. Премьер-министрдің орынбасары бұл мәселені Энергетика министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп пысықтауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
15.06.2026, 15:28 2821
Еліміздің экономикасы 4 пайызға өсті
Достарға айту
Қазақстан экономикасының өсуі 2026 жылдың бес айының қорытындысы бойынша 3,7%-ды құраған. Бұл туралы экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету туралы тапсырмаларын орындау мәселесі бойынша өткен кеңес барысында белгілі болды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасыз қызметінен.
Өңдеу өнеркәсібінде өсім - 9%. Машина жасауда өндіріс көлемі 22,2%-ға ұлғайды. Қаңтар-мамыр айларында елімізде 81 мыңнан астам автокөлік құралдары жасалды. Өсім химия өнеркәсібінде 17,8%-ға және құрылыс материалдары өндірісінде 18,7%-ға қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығында нақты көлем индексі 103,6% болды. Отын-энергетика кешеніне де назар аударылды.
Премьер-министр инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жаңа өндірістерді уақтылы іске қосу және қолда бар өсу резервтерін тиімді пайдалану жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті. Министрлерге қажетті өсу қарқынына қол жеткізу үшін барлық шараларды қабылдау тапсырылды. Үкімет басшысы жарты жылдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексінің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының дербес жауапкершілігін бекітті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2026, 17:15 33906
Астанада канадалық компаниялар тау-кен металлургиясы саласындағы инвестициялық мүмкіндіктерді бағалады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
AMM-2026 халықаралық металлургтер конгресі шеңберінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен "From Rockies to Steppes: Canadian Mining Companies on Kazakhstan's Potential" ("Тау жоталарынан даланы дейін: канадалық тау-кен компаниялары Қазақстанның әлеуеті туралы") атты панельдік сессия өтті. Іс-шараға жетекші канадалық тау-кен компаниялары қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Мероприятиенің басты мақсаты - канадалық және халықаралық іскер серіктестердің кең ауқымы үшін Қазақстанның ТМК саласындағы инвестициялық мүмкіндіктерін жылжыту, сондай-ақ салаға шетелдік инвестицияларды тарту болды.
Сессияның спикерлері - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров, сондай-ақ B2Gold, Teck Resources, First Quantum Minerals және Arras Minerals компанияларының өкілдері. Ә.Қуантыров өз сөзінде Қазақстанның тау-металлургия секторындағы инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды: іскерлік климатты жақсартуға, инвесторларды қолдауға және минералдық-шикізат кешенін дамытуға бағытталған мемлекеттік саясат егжей-тегжейлі баяндалды. Сондай-ақ ол халықаралық серіктестерді Қазақстандағы геологиялық барлау мен пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жаңа жобаларды іске асыруға шақырды.
Канадалық қатысушылар Қазақстанда бизнес жүргізу жағдайларын жоғары бағалады: мемлекеттік органдармен конструктивті өзара іс-қимыл, рәсімдердің ашықтығы және инвестициялық климатты жақсарту бойынша жүйелі жұмыс атап өтілді. Талқылау барысында тараптар шетелдік инвестицияларды тарту, заманауи технологияларды енгізу және халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қоса алғанда, Қазақстанның тау-металлургия кешенін одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Іс-шара екіжақты салалық диалогтың маңызды оқиғасына айналды және канадалық бизнестің Қазақстан нарығындағы қатысуын кеңейтуге деген жоғары мүддесін, сондай-ақ тараптардың тау-кен секторындағы ұзақмерзімді серіктестікке өзара ұмтылысын растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.06.2026, 17:25 64421
Астанада аса маңызды минералдар саласына қатысты C5+1 диалогы өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Елордада Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гордың тең төрағалығымен аса маңызды минералдар мәселелері бойынша C5+1 диалогы өтті. Іс-шара Astana Mining & Metallurgy (AMM-2026) XVI халықаралық тау-кен металлургиясы конгресі қарсаңында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Диалогқа Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтерінің мүшелері қатысты. Кездесу барысында Орталық Азия мемлекеттері мен АҚШ арасындағы геологиялық барлау, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу, сондай-ақ аса маңызды минералдарды әлемдік нарыққа жеткізу ісіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев C5+1 платформасының Орталық Азия мен Америка Құрама Штаттары арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа форматы ретіндегі маңызды рөлін ерекше атап көрсетеді. Аса маңызды минералдар мәселелері бойынша C5+1 диалогы стратегиялық шикізатпен тұрақты қамтамасыз ету, технологиялық ынтымақтастықты дамыту және жаһандық жеткізудің сенімді тізбектерін қалыптастыру бағытындағы әріптестікті тереңдетуге арналған. Әлемде аса маңызды минералдарға сұраныс артып отырған жағдайда бұл бағыттардың маңызы ерекше", - деді Ерсайын Нағаспаев.
Министр Қазақстан үшін аса маңызды минералдар секторы өнеркәсіптік саясат пен ұзақ мерзімді экономикалық дамудың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бүгінде еліміздің минералдық-шикізат базасында 9,5 мыңнан астам кен орны бар, олардың 100-ден астамында сирек және жерде сирек кездесетін металдар қоры шоғырланған. Цифрландыру және халықаралық стандарттарды енгізу бағытында қабылданған шаралар салаға бағытталған инвестициялар көлемінің едәуір артуына мүмкіндік берді. Нәтижесінде елге әлемнің жетекші компаниялары келді, олардың ішінде Rio Tinto, Barrick Gold, First Quantum, Ivanhoe, Teck, Fortescue, Cove Capital және басқалар бар.
Кездесуге қатысушылар C5+1 форматындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындады. Олардың қатарында қайта өңдеу саласындағы жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, индустриялық кластерлер құру, технологиялар трансфері, кадрлар даярлау, ғылыми-техникалық кооперацияны кеңейту және басқа да бастамалар бар. Сондай-ақ өнімді әлемдік нарыққа тұрақты түрде жеткізуді қамтамасыз ету үшін логистика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша барлық тарап көпжақты ынтымақтастықты дамытуға және бірлескен индустриялық әрі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүдделі екендерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.06.2026, 14:50 65651
ШҚО-дағы литий кен орнын игеру: жоба қай кезеңде
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Шығыс Қазақстан облысындағы "Бакенное" литий кен орнын игеру жобасының қай кезеңде тұрғанын ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан C5+1 сыни маңызды минералдар жөніндегі диалог алаңында айтып берді.
Қазіргі уақытта онда мемлекеттік есепке қою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл үдерістер тиісті түрде қорғалуда. Одан әрі кен орнын өңдеу және игеру мәселелері қаралатын болады", - деп вице-министрдің сөзін келтіреді inform.kz.
Оның айтуынша, қор көлемінің нақты көрсеткіштері тәуелсіз мамандардың растауынан кейін жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.06.2026, 13:40 65401
Қазақстан АҚШ компанияларын сирек металдарды өндіруге қатысуға шақырды
Достарға айту
Қазақстан Америка Құрама Штаттарының компанияларын сирек металдарды геологиялық барлау және өндіру жұмыстарына қатысуға шақырады. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев C5+1 сыни маңызды минералдар жөніндегі диалог отырысында мәлімдеді.
Еліміздің ресурстық базасында 9,5 мыңнан астам кен орны бар, олардың 100-ден астамында сирек және сирек жер металдары кездеседі. Біз америкалық компанияларды оларды геологиялық барлау мен өндіруге белсенді қатысуға шақырамыз", - деп Ерсайын Нағаспаевтың сөзін inform.kz келтіреді.
Министрдің айтуынша, бұл үшін Қазақстанда заманауи реттеуші орта қалыптастырылған. Атап айтқанда, 2018 жылы Австралия мен Канада тәжірибесі негізінде салалық заңнаманы реформалаған "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" кодекс қабылданды. Сондай-ақ "бірінші келген - бірінші алады" лицензиялау қағидаты енгізіліп, жер қойнауын пайдалануға қолжетімділік жеңілдетілді.
Бұдан бөлек, 2023 жылы жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылды. Соның нәтижесінде лицензиялаудан бастап есептілікке дейінгі барлық үдерістер онлайн форматқа көшірілді. 2024 жылдан бастап Қазақстан CRIRSCO халықаралық стандарттарын толық көлемде қолдана бастады, бұл есептіліктің ашықтығын қамтамасыз етіп, оны әлемдік тәжірибемен салыстыруға мүмкіндік береді.
Министрдің сөзінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде инвесторлардың қызығушылығы бірнеше есе артқан.
2018 жылдан бері геологиялық барлауға салынған инвестициялар үш есеге өсіп, 1 миллиард доллардан асты. Қазақстанға Rio Tinto, Barrick Gold, First Quantum, Ivanhoe, Teck, Fortescue және Cove Capital секілді әлемдік жетекші компаниялар келді", - деді Ерсайын Нағаспаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.06.2026, 18:11 78016
Қазақстанға тартылған шетелдік инвестиция көлемі 20,5 млрд долларға жетті
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
2026 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,7%-ға өсіп, 4,9 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш экономиканың өсу қарқынынан жоғары. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2025 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 20,5 млрд долларды құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 14,4%-ға артқан.
Арман Қасенов ел экономикасы мен инвестициялар құрылымының айтарлықтай өзгергенін атап өтті.
«Бүгінде Қазақстан экономикасы 10-15 жыл бұрынғыға қарағанда анағұрлым әртараптандырылған. Мәселен, 2010 жылы мұнай өндіру саласының ЖІӨ құрылымындағы үлесі 16,5% болса, 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 8,1%-ға дейін төмендеді. Тікелей шетелдік инвестициялар да осы үрдісті қайталап отыр: әртараптандыру инвесторлар тарапынан да байқалады. Олар енді тек өндіру өнеркәсібіне, металлургияға немесе мұнай-газ секторына ғана емес, басқа да салаларға белсенді қызығушылық таныта бастады», – деді ол.
Өткен жылы шетелдік инвестицияларды ең көп тартқан салалар:
- көтерме және бөлшек сауда – 4,8 млрд доллар;
- өңдеу өнеркәсібі – 4,4 млрд доллар;
- қаржы және сақтандыру қызметі – 4,3 млрд доллар;
- ақпарат және байланыс саласы – 1,4 млрд доллар;
- көлік және қоймалау қызметі – 977 млн доллар.
Қазақстанға инвестиция салатын негізгі елдер қатарында Нидерланд, Ресей және Қытай қалып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.06.2026, 17:15 78316
Энергетикалық жүйені жаңғырту және таза энергетика: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге келді
Достарға айту
Қазақстанның Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Оңтүстік Кореяның Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрі Ким Чжон Кванмен кездесу өткізді.
Тараптар энергетика саласындағы қазіргі ынтымақтастық пен бірлескен жұмыстың келешегін талқылады. Инвестициялық жобаларды іске асыруға және электр энергетикасындағы әріптестікті дамытуға ерекше назар аударылды.
Келіссөздер барысында министрлер энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа генерациялайтын қуаттарды салу, заманауи технологияларды енгізу және энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыру мәселелерін қарастырды.
Сондай-ақ таза энергетика саласындағы ынтымақтастық, жаңартылатын және баламалы энергия көздерін дамыту, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін технологиялар мен тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Оңтүстік Корея энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға, технологиялық дамуды ілгерілетуге және экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған энергетика саласындағы жобалар бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.06.2026, 14:22 88041
Әлемдік нарықта мұнай бағасы өсті
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Израиль мен Иран арасындағы жағдайдың ушығуы әлемдік мұнай бағасының өсуіне әсер етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
8 маусымда сауда-саттық басталғанда Brent маркалы мұнайдың тамыз айына арналған фьючерстері алдыңғы сауда күнінің жабылу бағасымен салыстырғанда 3,6 пайыз қымбаттап, баррелі 96,7 долларға жетті.
WTI маркалы америкалық мұнайдың бағасы да өсіп, баррелі 93,5 доллар болды. Ал Urals маркалы мұнайдың бір баррелі шамамен 86,3 доллардан сатылып жатыр.
Мұнай бағасының өсуіне Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Парсы шығанағынан мұнай мен газ жеткізуге қатысты алаңдаушылық себеп болып отыр.
Сарапшылардың айтуынша, АҚШ, Израиль және Иран арасындағы қақтығыс болып жатқан 100 күн ішінде әлемдік сауда үшін стратегиялық маңызы бар Ормуз бұғазы арқылы шамамен 1 мың кеме өткен. Бұл қалыпты жағдайда бұғаз арқылы бір аптада өтетін кемелер санына тең.
7 маусым күні кешке Иран Израильдің солтүстік бөлігіне зымырандар атты. The Times of Israel басылымының мәліметінше, бұл - сәуір айынан бері жасалған алғашқы осындай шабуыл. Ал Тегеран мұны Израильдің Ливандағы әрекеттеріне жауап деп атады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.06.2026, 15:01Тоқаев: Қазақстан АҚШ пен Иран қол жеткізген келісімді құптайды 15.06.2026, 15:45 18036Қазақстан мен Швеция cауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты комиссия құрды15.06.2026, 16:09 17006Қазақстан маусым айында бірқатар халықаралық іс-шара өткізеді15.06.2026, 17:31 15206Қазақстан мәдениет, энергетика және экономика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде15.06.2026, 17:34 14731Қазақстан ШЫҰ-ның рөлін нығайтуды қолдайды - СІМ
12.06.2026, 20:00 131586Қазақстанның Сыртқы істер министрі Франция Елшісін қабылдады12.06.2026, 15:51 131246Корея Республикасының Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды12.06.2026, 21:12 130386Қазақстан СІМ басшысы Таиланд Елшісін қабылдады12.06.2026, 19:31 128431Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады12.06.2026, 17:05 Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді128261Аустрия парламентінің депутаттары парламентаралық диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделілік білдірді
22.05.2026, 20:31 251446Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237056Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 207526ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады21.05.2026, 13:04 194611Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 14:05 194581Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

