24.05.2024, 20:28 41836

Жетісу облысында бизнес үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді

Төмендетілген тариф 2024 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі
"Жетісу Энерготрейд" ЖШС ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментіне заңды тұлғалар үшін электр энергиясына тарифті 1 кВт/сағатына 38,50 теңгеден 32,60 теңгеге дейін яғни 15,33%-ға төмендету туралы хабарлама берді, деп хабарлайды ҚР Экономика министрлігінің баспасөз қызметінен. Төмендетілген тариф 2024 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі. Тарифті төмендету ҚР ҰЭМ ТМРК аумақтық департаменттері реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерге лицензиялардың қолданылуын жақында тоқтатқаннан кейін мүмкін болды. Бұл жұмыс Үкімет Мемлекет басшысының делдал ұйымдарды, оның ішінде тұтынушыларды электрмен жабдықтау тізбегіндегі өнімсіз делдалдарды жою жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілгенін еске сала кетейік. Тарифті төмендетудің алғышарты тұтынушылардың (қаланың заңды тұлғалары мен бюджеттік ұйымдарының) реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан электр энергиясын кепілді жеткізушіге ("Жетісу Энерготрейд" ЖШС) ауысуы болды, бұл кепілді жеткізушінің көрсетілетін қызметтерінің көлемін ұлғайту жағына, тиісінше тарифті төмендетуге әсер етті. Электр энергиясы қызметтерін үздіксіз алу үшін бұрын реттелмейтін жеткізушілерді пайдаланған Жетісу облысының заңды тұлғаларының "Жетісу Энерготрейд" ЖШС-мен жедел түрде тиісті шарттар жасасу мүмкіндігі бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны