22.05.2024, 11:24 55416

Алматыда ауқымды қалалық сейсмикалық жаттығу өтті

Сейсмикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - қала тұрғындарының төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру, тұрғындар эвакуациялау жолдарын, қауіпсіз жерлерді алдын ала анықтап, апаттық чемодандарды дайындау.

Шартты түрде, қалада жер сілкінісі болды, нәтижесінде күрделі жағдай, өрттер, түрлі апаттар пайда болды.

Адамдарға қызмет көрсететін қаланың әлеуметтік нысандарының базаларында ТЖД жеке құрамын және Алматы гарнизонының әскери қызметшілерін тарта отырып, ерекше адамдарды (мүмкіндігі шектеулі жандарды) қауіпсіз орындарға эвакуациялау бойынша іс-шаралар өткізілді.

Айта кету керек, барлық мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында, ауруханаларда, емханаларда, сауда орталықтарында және көпқабатты тұрғын үйлерде сейсмикалық жаттығу өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны