05.06.2026, 17:32 5766

Мемлекет басшысы Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Дания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: Akorda
Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредерикті Дания Корольдігінің ұлттық мерекесі - Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Қазақстан Президенті аталған мереке Дания халқы үшін демократиялық құндылықтардың, қоғамдық келісімнің және орнықты дамудың символы ретінде ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы достық пен өзара қолдау рухындағы қазақ-дат байланыстары одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредериктің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Дания халқына бақ-береке тіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны