15.09.2023, 19:41 86971

Астанада құсбегіліктен халықаралық турнир өтті

Елорда іргесіндегі Софиев ауылында жыл сайынғы құсбегіліктен Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы халықаралық турнир бүгін өз мәресіне жетті.

Екі күнге жалғасқан сайысқа еліміздің түпкір-түпкірінен келген құсбегілермен қатар, Қытай, Моңғолия және қырғызстандық құс баптаушылар да қатысты.

Атаулы халықаралық турнир биыл Астана төрінде 6-шы рет ұйымдастырылып отыр. Жарысқа әлем чемпионатының жеңімпазы Серікболсын Жалғасұлы, Азия чемпионатының жеңімпазы Арман Қошқаров сынды елордалық спортшылар қатысып өз бақтарын сынады.


Турнир қорытындысы бойынша қаршыға сайысында түркістандық Төлемырза Паңның "Тұйғыны" бірінші орын алды.

Алматы облысынан келген Аян Сейітжанның "Көкжендеті" екінші, атыраулық Арман Қошқаров баптаған "Ақсеңгір" үшінші орынға ие болды.

Ал ителі сайысында елордалық Ерасыл Серікбекұлының "Қаракөзі" үздік атанды. Екінші және үшінші орындар қарағандылық Таңат Оспанқұлов баптаған құстардың еншісінде.

Сонымен бірге, бүркіт сайысында бірінші орынды атыраулық Арман Қошқаров жеңіп алды. Екінші орын елордалық Ерасыл Серікбекұлына бұйырса, ақмолалық Ерлан Кенжетаев тұғырда үшінші көрінді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны