08.09.2025, 12:25 108166

Айдың тұтылуы: түнгі аспаннан фоторепортаж

Қазақстандықтар Айдың ең ұзақ, толық тұтылуына куә болды. Бірегей табиғат құбылысы қыркүйектің 8-іне қараған түні аяқталды, деп хабарлайды Inform.kz.

Фесенков атындағы астрофизика институты мамандарының мәліметінше, 7 қыркүйек күні сағат 21:26-да Ай Жердің жартылай көлеңкесіне ене бастады.Толық фаза 22:29-да басталып, 23:53-те аяқталған. Ал тұтылудың өзі 8 қыркүйек сағат 00:56-да толық аяқталды.

Ай толық фазада 1 сағат 22 минут болады және қызғылт түске боялады.Астрономдар бұл әсер күн сәулесінің Жер атмосферасына шашырауынан туындайтынын атап өтті. Қысқа толқындар - көк және жасыл - шашыраңқы, ал ұзын толқындар - қызыл және қызғылт сары - әрі қарай өтіп, Айдың бетіне шағылысады. Сондықтан оны жиі "Қанды Ай" деп атайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны