19.04.2024, 06:42 70546

Грекияда 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада алауы жағылды

Грецияда 2024 жылы Парижде өтетін жазғы ойындарға арналған Олимпиада алауы салтанатты түрде жағылды. Рәсім біздің дәуірімізге дейінгі 776 жылы алғашқы Олимпиада өткен Ежелгі Олимпиядадағы Гера ғибадатханасының қирандыларының жанында өтті, деп хабарлайды Euronews.

Дәстүр бойынша отты ежелгі гректің діни қызметкерлерін бейнелейтін ұзын көйлек киген актрисалар жақты. Алайда, сейсенбіде Пелопоннесте күн бұлтты болғандықтан, Олимпиада алауын әдеттегідей күн сәулесінен тікелей емес, алдыңғы күні жаттығу барысында алыған отпен жағуға тура келді. Ол ежелгі грек амфорасының ішінде бір күн бойы жанып тұрды.


Отты Парижге дейін жеткізу 5 мың шақырымнан асады. Ол алдымен Афинаға жеткізіліп, 26 сәуірде париж Олимпиадасының ұйымдастырушыларына табысталады. Содан кейін алау Афинаның Пирей портында алғашқы заманауи ойындар өткен 1896 жылы салынған кемеге тиеледі. Ол 8 мамырда Францияның Марсель қаласына жеткізіледі деп күтілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны