21.09.2021, 21:21 6012

Нұр-Сұлтанда "Қазақмыс" ғимаратында өрт шықты

НҰР-СҰЛТАН. 21 ҚЫРКҮЙЕК - Елордада Тұран даңғылының бойындағы ғимараттардың бірінен өрт шықты.
 

Сағат 18:33 минутта Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылы 37/10 мекенжайында болған өрт орнына жеке құрамнан 44 адам мен 11 техникасы шақыртуға шықты. Алдын ала ақпарат бойынша ғимараттың шатыры және қаптауы жануда. Шақырту орнына өрт сөндірушілер 5 минуттан кейін жетті. Қазіргі уақытта барлау жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны