28.01.2022, 18:27 24226

Алматыдағы метро бекетінің жанынан оқ-дәрі табылды

Алматыдағы метро бекетінің жанынан оқ-дәрі табылды
Сурет: Polisia.kz
АЛМАТЫ. 28 ҚАҢТАР - Алматыдағы метро бекетінің жанынан оқ-дәрі табылды. Оны полицияның Дозор есімді ізкесуші иті тапты.
 

Түске таман инспектор-кинолог "Абай" бекетіне іргелес аумақты аралап шықты. Бір кезде жарылғыш заттарды іздеуге машықтанған қызметтік ит иісті сезіп, серіктесін шыршалары бар алаңға жетеледі. Оның бірінің астынан 5,45 калибрлі Калашников автоматының 30 дана патроны және екі бірлік жарықшулы граната табылды. Оқ-дәріні Медеу аудандық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы процессуалдық тәртіпте тәркіледі. Олардың нақты тиесілігі тергеу барысында анықталады", – деді Метрополитендегі Полиция басқармасының бастығы Ерік Насырбеков.


 
Ақпарат көзі: Polisia.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны