03.11.2021, 17:18 42802

Тұрғымбаев мектеп оқушысын 17 ер адам зорлау ісіне қатысты түсініктеме берді

Тұрғымбаев мектеп оқушысын 17 ер адам зорлау ісіне қатысты түсініктеме берді
Сурет: liter.kz
НҰР-СҰЛТАН. 3 ҚАРАША - ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сарыағаштағы оқушыны зорлау ісіне қатысты түсінік берді.
 

Сіз оны 17 ер адам зорлағанына сенімдісіз бе? Қыз жоғалып кетті, ол тәулік бойы үйде болмаған. Жедел іс-шаралар барысында табылып, анасына қайтарылды. Сол күні шағымдар мен өтініштер болған жоқ. Бір күннен кейін шағым түсті. Содан кейін қыздың анасы арызданудан бас тартып, нотариалдық түрде сенімхан берді", - деді Ерлан Тұрғымбаев Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдерінің сұрағына орай.

 
Оның айтуынша, кейін әлеуметтік желіде қызу талқыланған аталмыш оқиғаға қатысты тағы бір өтініш тіркелген.
 

Бірнеше күннен кейін әлеуметтік желілерде 17 ер адам зорлады деген мәлімет пайда болды. Ол өтініш тіркелді. Біз тексеруге міндеттіміз. Жәбірленушіге бірқатар медициналық сараптама жүргізіледі. Осы тексерудің нәтижесі бойынша шешім қабылданады", - деді министр.

 
Еске салсақ, Түркістан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны жас қызын 17 ер адамның зорлағанын айтып шағым түсірген болатын. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны