07.12.2021, 20:12 160478

Алматыда жалған 1 миллион долларға жуық ақша жойылды

Алматыда жалған 1 миллион долларға жуық ақша жойылды
Сурет: Бейнеден кадр
АЛМАТЫ. 7 ЖЕЛТОҚСАН - Қаржылық мониторинг агенттіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері арнайы комиссияның қатысуымен аса ірі мөлшерде жалған шетел валютасын жойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ведомствода хабарлағандай, шетел валютасы 2020 жылдың соңында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде алынды.
 

Қызметкерлермен жүргізілген жедел іздестіру шарасы барысында қала тұрғыны Т. Қалиев 293 мың АҚШ доллары сомасына жалған купюраларды өткізу әрекеті кезінде ұсталды. Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан 975 мыңнан астам жалған доллар тәркіленді", - деп хабарлайды ҚР ҚМА.

 
 
Тергеу мәліметтері бойынша, Т. Қалиев 2020 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған шетел валютасын бірнеше рет сатқан.
 
Сот үкімімен Т. Қалиевке 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны