26.02.2021, 22:13 13702

Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

Ақтөбе. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін, 26 ақпанда сағат 11:55-те Шалқар ауданының Ұлпан темір жол станциясында 43 вагон құрамының 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті. Оның ішінде 13 цистерна аударылып, ұзындығы 150 метр темір жол рельсі зақымданған. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті.
 
Апат салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға "Атырау-Алматы" бағытындағы №42 жолаушылар пойызының кешігуіне әсер етті (Ембі стансасында орналасқан). Қазіргі уақытта электр энергиясын тоқтан ажырату және жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
 
Бұған ТЖД (9 қызметкер және 3 техника) және АПБ (2 қызметкер және 1 техника), Қандыағаш және Шалқар станцияларынан ққ. "ҚТЖ" АҚ (2 қалпына келтіру пойызы және 49 қызметкер), Қандыағаш және Шалқар станцияларынан (2 өрт сөндіру пойызы 16 қызметкер), ЖАО (3 қызметкер және 2 техника) жұмылдырылды.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны