20.05.2021, 23:31 10060

Жыл басынан бері Қазақстан кәсіпорындарында 59 жұмысшы қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН. 20 МАМЫР - Жыл сайын Қазақстан кәсіпорындарында 1300-ден астам қызметкер жарақат алады, оның ішінде 200-ге жуығы қаза табады. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары - ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ағымдағы жылдың 4 айының өзінде еліміздің кәсіпорындарында 462 адам зардап шеккен, оның 59-ы қайтыс болған, деді Оспанқұлов.
 
Экономика салалары бойынша 2020 жылы зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен-металлургия кешенінің кәсіпорындарында байқалады – 304 адам (20,2 %), ал құрылыс саласында – 175 адам (11,6%).
 

Өңірлер бөлінісінде жарақаттанудың жоғары деңгейі Қарағанды (260 адам зардап шекті), Шығыс Қазақстан (209 адам), Қостанай (140 адам), Павлодар (112 адам) облыстарында және Алматы қаласында (110 адам) сақталуда", -деп нақтылады ЕХӘҚМ баспасөз қызметінде.

 
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында "АрселорМиттал Теміртауда" бөшке жарылған кезде жұмысшы көз жұмды, тағы біреуі күйік алды. Сонымен қатар, 2020 жылдың желтоқсанында Ақтөбе облысындағы мыс компаниясының шахтасында төрт қызметкер улы газбен уланып қалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны