12.03.2021, 20:40 12286

Адам ұрлау, бопсалау және алтын ұрлау: трансұлттық қылмыстық топтың 16 мүшесі ұсталды

Нұр-Сұлтан. 12 наурыз. Kazakhstan Today - ҰҚК мен ІІМ аса қауіпті трансұлттық қылмыстық топты бірлесіп жойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021 жылғы 10 наурызда Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар және Семей қалаларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу бойынша ірі ауқымды арнайы операция жүргізді. Ұсталған топтың 16 қатысушысына адам ұрлау, бопсалау, кісі өлтіруге оқталу, Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындардың бірінен құрамында алтыны бар шикізатты ұрлау және оның ҚР шегінен тыс контрабандасы, сондай-ақ трансұлттық қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау айыптары тағылып отыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметінде.

 
Қылмыстық топтың құрамына құқық қорғау органдарының әрекеттегі және бұрынғы қызметкерлері кірген.
 

Ұстау барысында қаскүнемдерден олардың жасаған қылмыстарын растайтын ірі сомадағы ақшалай қаражат, материалдық құндылықтар, байланыс құралдары және өзге де заттар табылып, алынды", - деп түсіндірді ҰҚК-де.

 
Бұған дейін ІІМ-де азаматтардың дербес деректерін сатумен айналысқан бұрынғы және жұмыс істеп тұрған полиция қызметкерлерінің ұсталғаны туралы хабарланған болатын. Сондай-ақ, полиция қызметкерінің қамқорлығымен ҰҚТ "АрселорМиттал Теміртау" цехтарынан өнім шығарғаны хабарланды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны