19.04.2021, 21:03 12071

Жамбыл облысында үш кәмелетке толмаған бала оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді

ТАРАЗ. 19 СӘУІР - Таразда үш жасөспірімді атып кеткен, олар қазір ауруханада жатыр.
 
Тараз қаласының Полиция басқармасына үш кәмелетке толмағанның оқ-дәрі (бытыра) жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. 
 

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмысты жасаған күдікті ұсталып, қамаққа алынды. Кәмелетке толмағандардың денсаулық жағдайлары тұрақты, өмірлеріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ",- деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

 
Сондай-ақ, ведомство Қылмыстық істің толық мән-жайы Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайтындығын айтқан.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны