29.04.2021, 22:09 13203

Жүк тиегіш Алматыдағы Панфиловшылар саябағында үш жасар баланы қағып кетті

АЛМАТЫ. 29 СӘУІР - Алматыда 28 гвардияшыл-панфиловшылар паркінде жүк тиегіш доңғалағының астында үш жасар бала қаза тапты.
 
Қайғылы оқиға 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында, Вознесенск соборының жанындағы алаңда орын алды.
 
Sputnik Қазақстан агенттігінің ақпараты бойынша, жүк тиегіш саябақты айналып өтіп бара жатып, көгершіндермен ойнап жүрген балаға тап болған. Жүргізуші түсіндіргендей, оның өзі мұның қалай болғанын түсінбеді.
 
Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны