08.09.2021, 18:58 8600

Елордалық балалар үйінің басшылығы тәрбиеленушілерге азық-түлік сатып алуға бөлінген 25,9 млн теңгені ұрлады

Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.
НҰР-СҰЛТАН. 8 ҚЫРКҮЙЕК - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі балалар үйінен 25,9 миллион теңгені жымқыру дерегін анықтады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Тергеу осы мекеменің директоры мен бас бухгалтері сатып алу ережелерімен қарастырылған процедураларды өткізбей, басқаруындағы үлестес кәсіпорынмен азық-түлік жеткізуге шарттар жасағандығын анықтады. Бұл ретте, компанияның нақты иесі бас бухгалтердің бұрынғы жұбайы болып табылады", - деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметінде.

 
Ведомствоның ақпараты бойынша, лауазымды тұлғалар аталған компания арқылы бөлінген 130 млн теңге бюджет қаражатынан жетім балаларға азық-түлік сатып алуға бөлінген 25,9 миллион теңгені жымқырған.
 
Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды, деп қосты ҚМА.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны