19.11.2021, 20:04 70457

Жамбыл облысында дауылмен зақымданған газ құбырлары қалпына келтірілуде

Жамбыл облысында дауылмен зақымданған газ құбырлары қалпына келтірілуде
Сурет: instagram / onlinetaraz
ТАРАЗ. 19 ҚАРАША - Жамбыл облысында дауылдан кейін газ құбырлары қалпына келтірілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

18 қараша күні кешке дейін "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Жамбыл өндірістік филиалы жұмысшыларының күшімен барлық газ құбыры қалпына келтіріліп, абоненттер газға қосылды. Зақымданған газ желілерін сырлау, құбырлардың қисайған тіреуіштерін түзету сияқты жұмыстар толық аяқталғанша жалғасады", - деп хабарлады"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ баспасөз қызметі.

 
Еске салайық, 17 қараша күні Тараз қаласы мен Жамбыл облысында болған дауыл салдарынан 550-ден астам әкімшілік ғимараты мен тұрғын үйдің шатыры қирап, 6 523 метр газ құбыры зақымданды. Синоптиктердің мәліметінше, желдің екпіні секундына 30 метрден асқан.
 
Компанияның деректері бойынша, дауыл аймақтағы газ шаруашылықтарына да зиянын тигізді. Атап айтқанда, Байзақ ауданындағы газ шаруашылығының әкімшілік ғимараты, қоймалары мен гаражының шатырлары жұлынған. "Ақыртөбе" жерасты газ қоймасы орналасқан Т.Рысқұлов ауданында сорғы стансасының өндірістік ғимаратының шатыры қирады, Жамбыл облысында "Тараз" магистралдық газ құбырлары басқармасының желілік өндірістік бөлімі автокөлік цехының төбесі үңірейіп қалды.
 

Ұйытқып соққан жел салдарынан шатырлар зақымданып, билбордтар мен жол белгілері, ағаштар мен қоршаулар құлап, газ құбырларын майыстырды. Соның салдарынан 545 абонент газдан уақытша ажыратылды", - деп хабарлады компанияда.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны