08.12.2021, 19:55 157227

Алматыда апаттан кейін жылу магистралінің жұмысы қалпына келтірілді

Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысы арқылы өтетін учаскедегі жылу магистралі жөнделді.
Алматыда апаттан кейін жылу магистралінің жұмысы қалпына келтірілді
АЛМАТЫ. 8 ЖЕЛТОҚСАН - Рысқұлов даңғылында жарылған жылу құбыры қалпына келтірілді.
 
 "Алматы жылу жүйесі" мекемесінің мәліметінше, Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысы арқылы өтетін учаскедегі жылу магистралі жөнделді.
 

7 желтоқсанда болған апаттан кейін диаметрі 1000 мм құбыр сегментін қалпына келтіру жұмысы аяқталды. Сынақтан кейін жылу магистралі қайтадан іске қосылды және штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жол қозғалысын қалыпқа келтіру үшін күндіз асфальт жабыны қалпына келтірілгенге дейін апат болған жер арнайы тақтайшалармен жабылды", - деп хабарлады компаниядан.

 
Кеше кешкі сағат 18.30-дан бастап Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта (солтүстік жағы) көліктер үшін қозғалыс жартылай қалыпқа келтірілген болатын.
 
8 желтоқсан күні таңғы сағат 9:00-де қозғалыс толығымен қалпына келтірілді.
 
Еске салайық, 7 желтоқсан күні Алматыда Рысқұлов пен Жансүгіров көшелерінің қиылысында ыстық су құбыры жарылған еді

Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны