19.01.2022, 17:01 27631

Елордалық әуежайда Алматы погромдарының күдікті қатысушылары ұсталды

Олардың жүгі мен қол жүгін тексеру барысында пышақтар, кастеттер мен кісендерден тұратын суық қару түрлері табылды.
Елордалық әуежайда Алматы погромдарының күдікті қатысушылары ұсталды
Сурет: ҚР ҰҚК
НҰР-СҰЛТАН. 19 ҚАҢТАР - Нұр-Cұлтан әуежайында Ресейге кетуге әрекет жасаған кезде Алматыдағы митингілер мен погромдардың күдікті екі қатысушысы ұсталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2022 жылғы 16 қаңтарда "Нұр-Сұлтан" Шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері елорда әуежайының нысандарын күзету мен қорғауды жүзеге асыру кезінде мінез-құлық белгілері бойынша Ресей Федерациясына кетуге бағыт алған Қазақстан Республикасының 2 азаматын ұстады", - деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

 
Олардың жүгі мен қол жүгін тексеру барысында пышақтар, кастеттер мен кісендерден тұратын суық қару түрлері табылды.
 

Тексеру барысында олардың ұялы телефондарынан Алматы қаласындағы митингтерге, демонстрациялық әрекеттер мен бұзақылықтарға қатысқандығын растайтын бейнежазбалар табылды", - делінген хабарламада.

 
Ұсталғандар әрі қарай жауапкершілікке тарту үшін полицияның желілік бөлімінің қызметкерлеріне берілді.
 
Бұдан басқа, "Ташкент–Нұр-Сұлтан" қатынасындағы халықаралық рейсті рәсімдеу кезіндегі паспорттық бақылау жұмысының нәтижесінде жалған төлқұжаты бар Тәжікстан азаматы анықталды. 
 

Ол шекараны заңсыз кесіп өту мақсатында құжаттағы өзінің анықтамалық деректерін әдейі өзгерткен. Мемлекеттік шекара бұзушы келген жағына қайтарылды", - деп толықтырды ҰҚК.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны